ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

17:26, 20 наурыз 2020

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Президенттің жарлығымен бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қойылды. Биыл алғаш рет Наурыз мейрамы кең көлемде тойланбайтын болды. Дегенмен, түркі тілдес халқының ұлық мерекесі – отбасылық мейрам екенін ұмытпаған жөн. Жыл басы саналатын ежелгі мейрам жайында не білеміз? Тілшіміздің бейнематериалы.

Наурыз - күн мен түннің теңеліп, көктің шығуын білдіретін ұлы мейрам. Ежелден халқымыз бұл мейрамды асыға күтіп қарсы алатын. Халық наурыздың 21-інен 22-не қараған түні даланы Қыдыр ата кезеді деп сенеді.  Дегенмен, Кеңес Одағы тұсында 1926 жылы жоғары билік 15 республикаға Әз-Наурызды тойлауды ресми түрде шектеді. Араға 62 жыл салып елімізде мейрамды атап өту дәстүрі қайта оралды.           

ТАТЬЯНА АХМЕТОВА, СҚМУ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Кеңес Одағында Наурыз діни мейрам ретінде саналды. Сондықтан, оны атап өтуге 1921 жылы шектеу қойылды. Бұл уақыттан бері 1988 жылға дейін қазақ отбасылары мерекені тек үйде жақындарымен тойлады.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлыстың күні мемлекетімізде кең көлемде сән салтанатымен тойланып келеді. 2010 жылдан бастап Тұңғыш Президент жарлығымен Наурыз 3 күн бойы аталып өтеді. Сапура апай да дәстүрге сай, мереке күндері үйге туған-туыстарын, көрші қолаңды шақырып, дастарқан жаяды. Наурыз көже дайындап, келген бауыр-туыстарға жылы лебізін жеткізеді.

САПУРА ТӘШЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Ресейде тұрғанда наурызды тойлайтынбыз. Тіпті, құрбандыққа жылқы шалып, басын бағанаға іліп қоятын жұрт. Олардың пікірінше, бұл дәстүр жамандықты алшақтатып, ырыс-берекені әкеледі. Наурыз халқымыздың жаңа жылы ғой. Елімізде тыныштық болсын, Алла ауру-сырқаттан сақтасын.

Зейнолла Олжабайұлы Наурызда дастарқан жайып, қонақ шақыру БҮГІНДЕ игі дәстүрге айналғанын айтады.

ЗЕЙНОЛЛА ОЛЖАБАЙҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кеңес Одағы кезінде Наурыз тойланбады. Біз ол кезде бала едік. Бертін келе 1987 жылы Наурыз не екенін білдік. Кеңес тұсында намаз оқуға, мұсылмандық діни мерекелерді тойлауға шектеу қойылды. Мұндай саясат еді ғой.

Бүгінде Қазақстанда Наурыз түрлі ұлт пен ұлысты біріктіруші жалпыхалықтық  мейрамға айналды. ЮНЕСКО-ның мерекелер тізіміне енген Ұлыстың ұлы күнін асыға күтпейтін жан жоқ, сірә.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЕКІНШІ АЙНАЛЫМЫ БАСТАЛДЫ
20:50, 7 шілде 2020
ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЕКІНШІ АЙНАЛЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...