ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ҮНДІ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ ӨТТІ

20:45, 20 қараша 2019

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де үнді мәдениеті күні өтті. Іс-шара этно мәдени орталықтардың апталығы аясында ұйымдастырылды. Түрлі-түсті сари, түрлі тағам дәмдеуіштерінің жұпар иісі, әсерлі ән мен ырғақты би студенттерді бей-жай қалдырмады. Бұл шара Болливудтың премьерасына сай болды. Әріптесім жалғастырсын.

ЖОО Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай ай сайын әр этнос өкілдерінің мәдени күнін өткізуді жоспарлаған. Осының аясында Үндістаннан келген жастар ұлттық киімдерін киіп, студенттерді мәдениетінен, салт-дәстүрден хабардар етті

ПУШПЕШ ШАРМА, СТУДЕНТ:

- Үнді мәдениетінің апталығы болатынын білгенде өте қуандым. Өйткені, біздің мәденеитіміз өте бай. Бүгін палау, ботқа, тәттілерден тұратын тағамның 8 түрін көрсетпекпіз. Әрине, ән айтып, би билейтін боламыз.

Бүгінгі шара студенттердің қызығушылығын тудырды. Олардың назарына Үнді халқының ән-биі ұсынылды.  Балуш ахи, Палау, Барфи деп аталытын тағамдарымен таныса алды.

Бүгінгі үндістердің мәдениетімен етене таныстық. Телидидардан көретін едік, өз көзіммен көріп тұрмын. Қызық. Осныдайлар жиі ұйымдастырылса ғой деген ойдамын.

- Бүгінгі іс-шара өті қызықты өтуде. Біз тек қана үндістерді теледидардан көретін едік. Ал лорады өмірде көрген өте қызық екен. Дәстүрлерімен таныстық.

- Үндістердің тағамдарының дімін татып көрдік. Дәмдері ерекше екен. Пловтары дімді екен. Есте қалатын болды.

Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан. Үндістанның халық саны 1 млрд-тан асады.  Мұнда негізінен ағылшын және хинди тілінде сөйлеседі. Кей деректерде, 18 ресми тіл тіркелген делінген. Халық санының көптігіне байланысты, бұл елде жоғарғы білімді барлығы бірдей ала алмайды дейді, Шейх Фарух.

ШЕЙХ ФАРУХ, ҮНДІСТАННАН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Петропавлға алғысымды білдіргім келеді. Бізге барлық жағдай жасалған. Жастарымыз қажетті білім алып, уақыт өте келе жоғарғы білімі бар маман болып шығады. Мұндай мүмкіндік, өкінішке орай Үндістанда барлығына бірдей беріле бермейді. 

Бүгінгі таңда унді елінің 200-ге тарта студенті жоғары медицина мектебінде білім алып жатыр.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ С.СӘДУАҚАСОВҚА 120 ЖЫЛ
20:48, 29 мамыр 2020
АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ С.СӘДУАҚАСОВҚА 120 ЖЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар