ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ Толығырақ

ҰРПАҚ ТІЛІ – КЕЛЕШЕК КІЛТІ

17:59, 20 ақпан 2020

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Халқаралық тілдер күні қарсаңында оқушылар сарайында «Ұрпақ тілі – келешек кілті» атты кездесу өтті. Іс-шараға «Nur Otan» паритиясының облыстық филиалы, «Jas Otan» жастар қанаты, «Qyzyljar jastary» қоғамдық бірлестігі мен сутденттер, сондай-ақ, өңірді мекен еткен мемлекеттік тілді білетін өзге ұлт өкілдері қатысты. Жиында бас қосқандар өзара пікір алмасты. Сонымен қатар өлең, жырдан шашу шашты.

Карина Мелихованың ұлты - беларусь. Шал ақын ауданына қарасты Ибраев ауылында туып, қазақ мектебін бітірген. Бүгінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті. Мақсаты қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысу.

КАРИНА МЕЛИХОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Бүгінгі іс-шараға қатысып жатқандағы мақсатым нағыз қазақ тілінің қаншалықты бай екенін көрсету. Яғни басқа тілдерге қарағанда қазақ тілі қандай бай екенін көрсету үшін, қазақ тілін қорғап келдім. Менің ойымша қазақ тілі мүлдем қиын емес. Мысалы адам оны үйренгісі келсе, ол ешқандай қиындық тудырмайды.

Облыстық Абай, Мағжан оқуларының жүлдегері, дарынды қыз қазақ тілін білмейтін немесе үйренуге құлық танытпай жүрген жандарға осылай деп кеңес береді. Шара барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген басқа да өзге ұлт өкілдері сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу еркін форматта өтті.

ПАВЕЛ РАДИОНОВ, ҚАЖД ЕС 164/6 МЕКЕМЕСІНІҢ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ:

- Мектепте қазақ тілін жақсы оқыдым. Тек мектепте арнайы емес, күнделікті өмірде де үйрендім. Өйткені достарымның көбісі қазақтар болды. Сондықтан ьолармен ертеден аралысып, түсінісу үшін, өз ойымды жеткізу үшін қазақ тілін білуге тырыстым. 

Бүгінде өңірде 130-дан астам түрлі ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Шараның мақсаты олардың арасын неғұрлым жақындата түсу.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі күні енді жастар өздеріңізге белгілі ғой, Елбасымыз 5 тілді меңгеріп отыр. Біз жастарды соған баулу, 5 тіл емес, Абай айтқандай көп тілген адам ол: өінің білімділігін, өзінің іскерлігін, әр уақытта да мына істеп жатқан қызметінде падалануға да септігін тигізері анық. Сол үшін осындай шаралар өту керек. 

 НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Тіл мамандарының айтуынша дүние жүзінде 6000- нан астам түрлі тіл бар. Бірақ жыл сайын олардың біреуі жойылып кетіп жатады екен. Ал біздің ана тіліміз тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің негізіне, басты нышанына айналды. Енді оны тек дамытып, мәртебесін көтеру қажет.

Бұл бағытта облыста ауқымды шаралар атқарылуда. Мысалы бүгінде облыста «Тілдерді оқыту орталығы» жұмыс істейді. Онда 140 топ бар. Әр топта 20 – 25 адамнан. Аталған орталықта түрлі мекеме жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер қазақ, ағылшын тілдерін үйренеді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША  ТОҚТАТЫЛДЫ
17:25, 10 шілде 2020
«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар