ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ

17:20, 23 қазан 2020

Облыстың үздік экскурсия жүргізушісі анықталды.  Кәсіби біліктілікті сынға алатын байқауға өңір музейлерінің мамандары қатысты.  «Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер картасы» деп аталған дода «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген.

Экскурсия жүргізушілері арасындағы байқау үш жылда бір рет өткізіледі. Биыл осымен бесінші рет ұйымдастырылды. Негізгі көздегені музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, бұл мамандықтың маңыздылығы мен мәртебесін көтеру.

ЛЮДМИЛА ШЕРАУХОВА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІ ҚОРЫНЫҢ БАС САҚТАУШЫСЫ:

- Байқауға  13 маман қатысады. Облыстық, аудандық музейлердің экскурсия жүргізушілері, тарихи-өлкетану, мемориалдық, көпшілік және жалпы білім беретін мекемелер музейлерінің мамандары. Бәрі қобалжуда. Әр қайсысы өз ісінің шебері екендігін дәлелдегісі келеді.  

Шараны ұйымдастыруға мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдау білдірген. Байқау шарты бойынша қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс.  Әуелі музей мамандары өңірдің киелі жерлері жайында 7 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынды.  Лаура Амрина бұл салада 3 жыл еңбек етеді. Екі жыл қатарынан байқауға қатысып отыр.

ЛАУРА ӘМРИНА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ТАРИХ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Екінші айналымда байқауға қатысушылар өз тұрған жерлерін көз алдына елестетіп, экскурсия жүргізулері керек болды. Таныстыруды қалаған тілінде жүргізуге мүмкіндік беріледі. Осылайша қазылар алқасы  мамандардың коммуникативтік қабілетін сынға алды. Соңғы кезең «Экспромт» деп аталды. Музей мамандары компьютер таңдаған 3 затты байланыстыра отырып, әңгіме құруы тиіс.  

ИННА КУТЕЙНИКОВА, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Явленка ауылындағы музейде түрлі іс-шара ұйымдастыру кезінде тарих сабақтары, батылдық сағаттары, интерактивті дәірстер сынды әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Оқушылар мен балалардың бойында өлкетануға деген қызығушылықтарын оятуға тырысамыз.Сонымен қатар әскери-патриоттық бағытта жұмыс істейміз.

Шара барысында жиналғандар «Абылай хан резиденциясы» музей кешені әзірлеген бейнероликтерді тамашалап, үздік экскурсиялардың үлгілерін көрді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ РҰҚСАТ
17:17, 5 қараша 2020
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ Р...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...