ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

В.СМИРНОВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТТІ

18:06, 5 қараша 2019

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Вячеслав Смирновтың «Волшебная Мозаика природы» атты көрмесі өтті. Шараға суретшінің 60 туындысы қойылды. Бұл - қылқалам шеберінің 36-шы жеке көрмесі екен. Арна тілшісі толықтырсын.   

Суретші туған өлкеге, табиғатқа, жерлестеріне деген сүйіспеншілігін бояу және қылқалам арқылы шебер көрсеткен. Вячеслав Смирнов Қызылжар табиғатына ғашық жандардың бірі. Туған жердің әсем бояуларын бір суретке сыйдыра алған шебер. Суретшінің шығармашылығымен облыс тұрғындары ғана емес, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының өнер сүйер қауымы да жақсы таныс. Көркем өнермен айналысу ол үшін хобби.

ВЯЧЕСЛАВ СМИРНОВ, СУРЕТШІ:

- Көрмеге қойылған суреттерде солтүстіктің әсем табиғаты бейнеленген, Менің көрмем Петропавл, Алматы Нұр-Сұлтан қалаларында, аудандарда, мектептерде де халық назарына ұсынылады. Мереке күндері орталық алаңдарға шығарып, қалың жұртшылыққа таныстырамын. Артымнан ерген шәкірттерім де бар.  

Көрмеге суретшінің жақындары, әріптестері де келді. Светлана Зайцева қылқалам шеберімен 30 жылдан аса таныс. Вячеславтың өнерін бағалайтындардың бірі.    

СВЕТЛАНА ЗАЙЦЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Менің досым Вячеславтың туындылары жанға жақын келеді. Оның суреттерінен біздің әсем табиғатымызды тамашалаймыз. Қайың, орман мен көлдерді қолмен ұстап көруге болатын секілді, өте шынайы көрінеді.

Сондай-ақ, сотүстікқазақстандық суретші, архитектор, өлкетанушы Александр Листопадний да әріптесінің жұмысына өз бағасын берді.  

АЛЕКСАНДР ЛИСТОПАДНИЙ, СУРЕТШІ:

- Вячеславтың картиналары кәсіби түрде салынған. Көп еңбектенгені көрінеді. Барлық жан-тәнін беріп салғандығы байқалады, суреттерден оның эмоциясын көруге болады. Сондықтан, көрерменнің оң бағасын алып жатыр.

Вячеслав Борисовичтің өмірінде қылқалам туралы ұмытуға тура келген сәттер де болған. Бірақ, өнерге деген махаббаты өшпей, екі мыңыншы жылдардан бері қылқалам мен бояуды жанына серік етіп келеді. Бұл жолы көрермен назарына оның 60 картинасы ұсынылды.  

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...