ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ

17:21, 18 қыркүйек 2020

Қазақстанда бір шаңырақтың астында 100ден астам түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Жастар ана тілі мен салт-дәстүрін ұмытпау үшін мектептерде түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылады. Еділбаевтар отбасы да дәл осындай конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды.

Рүстем мен Галина Еділбаевтардың шаңырақ құрғандарына 13 жыл. Интернационалды отбасы бір-бірінің тілін, дінін, салт-дәстүрлерін құрметтейді. Қазақ үйіне келін боп түскен Галина халқымыздың барлық әдет-ғұрпымен жақсы таныс.Басында қиналғанын жасырмайды. Алайда жолдасының туған-туысқандары, қайын енесі мен атасының қолдауының арқасында барлық жоралғыларға тез үйреніпті.  

ГАЛИНА ЕДІЛБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Апта сайын біз қазақ және орыс халқының ұлттық тағамдарын әзірлейміз. Келген қонақтарымызды ет асып, бауырсақ піріп қарсы аламыз. Балаларымызға да әр дәстүрдің мән-мағынасын түсіндіруге тырысамыз. 42-ші мектеп ұжымына айтар алғысым шексіз. Балалардың бойында патриоттық сезім тәрбиелейтін дәл осындай байқаулар көптеп ұйымдастырыла берсін.

3 баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылардың Катя және Даниял есімді қыз-ұлдары 42-ші мектепте оқиды. Білім ордасынан Қазақстан халқы тілдері мейрамына орай өткізіп жатқан байқауына қатысу туралы ұсыныс түскенде ойланбастан бірден келіскен. Рүстем Еділбаев бейнеоператор болып жұмыс істейтіндіктен бауырсақтың жасалу әдіс-тәсілі туралы шағын бейнеролик түсірген.

РҮСТЕМ ЕДІЛБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Зайыбымды үнемі қолдауға тырысамын.Бәріміз бір мемлекетте тұрып жатқандықтанұлттар  бір-біріміздің тілімізді сыйлауымыз керек. Бұл байқауға қатысуға ниет білдірген себебіміз өз балаларымызға үлгі болу.Өзге ұлт өкілдерін сыйлауға үйрету.

3-ші сыныпта оқитын Даниял апасы Катямен қазақ тілін үйреніп, анасына көмектесуді жақсы көреді.

ДАНИЯЛ ЕДІЛБАЕВ:

- Анам жұма күндері бауырсақ, құймақ пісіреді. Мен оған көмектесемін. Бейнеролик түсірген кезде әпкеммен бірге дастархан жайдық.

Рустем мен Галинаның айтуынша олардың басты байлықтары – балалары. Оларға үлгі болып, жақсылыққа үйретіп бойларында патриотық сезімді тәрбиелеу әр ата-ананың басты міндеті. Бұл байқауда жеңімпаз атанған отбасы өзге де сайыстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...