ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА 60 ЖЫЛ

20:38, 14 қазан 2020

Kozybayev University "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің» профессоры, өңірдегі журналистика кафедрасының негізін қалаушы Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың шығармашылық қызметіне 60 жыл. Қаламы қарымды журналист талай шәкірт тәрбиелеп, 200ден астам  ғылыми еңбектің авторы атанды. Зарқын Сыздықұлының құрметіне  орай университетте «Ғалым -ұстаздың жемісті жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.  Салтанатты кеште облыс әкімі атынан құттықтау хат оқылып, еліміздің және көршілес елдердің білім-ғылым саласындағы белді тұлғалары мен шәкірттері өздерінің жылы лебіздерін жолдады. Бұл күні  Зарқын Тайшыбайға Қазақстан жоғары мектебі ұлттық ғылыми академиясының академигі  атағы берілді.

Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың шығармашылық еңбек жолы 1960 жылдардан бастау алады. Ол алғашында өзі туып өскен Қарағанды облысында газетте редактор болып жұмыс істейді. 1992 жылдан Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, журналистика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2000 жылдары Солтүстік Қазақстан университетіне шақыртылып, 2001 жылы аталмыш білім ордасында журналистика бөлімін ашуға ұйытқы болады. Бүгінде Зарқын Сыздықұлынан білім алған  шәкірттер еліміз бен шетелдерде белді қызметтер атқаруда.

ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ұстазымыздың шығармашылығына міне 60 жыл. Өте қуаныштымыз. 1993 жылы Қарағандыда осы кісінің бастауымен журналистиканы ашты. Сонда оқуға түсіп 10 бала бітіріп шықтық. Сол балалар міне мықты мықты жерлерде отыр. Мықты журналист болу үшін бұл кісі әр уақытта жалықпайтын. Газет оқы, кітап оқы дейтін. Міндетті түрде таңертең бір екі газет оқып үлгеруге тырысамыз. Осы кісінің берген білім тәрбиесі.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, «SOLTÚSTIK QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Мен осы Зарқын ағамыздың шәкірті болғанымдФ өзім мақтан етемін. 2003 жылы Захаңның қолына келіп  оқуға түсіп, осы оқу орнын бітіріп, осы күні қандай да бір жетістікке жетіп жатсам соның бәрі Зарқын Сыздықұлының еңбегінің нәтижесі.

Зарқын Тайшыбай 10-нан астам монография мен 12 оқу құралы және 200-ден астам ғылыми еңбек жазған. Қаламы қарымды журналистің  Абылайтану, Абайтану, Мағжантану саласында атқарған зерттеу жұмыстары да бір төбе.

БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Зәкеңменен осы жерге келгеннен бері таныспын. Онымен көбіне қызмет барысымен кездесеміз. Ол кісінің кеңестері өзіне басқа дүние. Көзқарасы кең, терең. Талабы таудай қай салаға кіріспесін жемісті орындайды. Мінезі байсалды. Біз отбасымызбен араласып сыйласып тұрамыз. Тұра шабатын адам емес.

«Ғалым- ұстаздың жемісті жолы» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Зарқын Тайшыбайдың еліміз бен шетелдерде түрлі салада  еңбек етіп жүрген оқушылары online түрде баяндамаларын оқып, құттықтауларын жолдады. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан орынбасары Ғани Нығметов құттықтау хатын оқыды.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Зарқын Сыздықұлы Ғылым мен білім беру ісіне қазақ тілін енгізу және оқулықтарды қазақшаға аударуда едәуір іс атқарған. Саналы ғұмырын зерттеуге, шығармашылыққа  арнап келе жатқан ұстаздың алдағы жоспары да ауқымды.  

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

Конференцияға Online қатысушылардан сүйінші хабар жетті. Зарқын Тайшыбайға Қазақстан жоғары мектебі ұлттық ғылыми академиясының академигі  атағы берілді.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...