ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

«ЖАСТАР» ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА

13:10, 4 қазан 2019

Биыл елордалық «Жастар» театры күзгі гастрольдік сапарын солтүстік қазақстан облысынан бастап отыр. Олар қазанның 3-і мен 6-ыкүндері  Н. Погодин атындағы орыс драма театрында өздерінің үздік 5 қойылымын қояды. Кеше өнер ұжымы «Жібек» мюзклын қойып, залға жиналған көрермендерді тәнті етті. Толығырақ қойылымды тамашалап келген әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтайды. 

Елордалық «Жастар» театры осыдан 12 жыл бұрын құрылды. Бірақ, бұл олардың осы уақыт аралығындағы солтүстік қазақстан облысына жасап отырған алғашқы гастрольдік сапары.

Өнер ұжымы бағдарламаның алғашқы күнінде қазақтың махаббат туралы лиро-эпостық дастанын бейнелейтін «Жібек» мюзиклін сахналап, заман талабына сай ноталармен көркемдеген. Қойылымның тұсауы осыдан екі жыл бұрын кесіліпті. Туынды  арқылы олар көптеген елдерге танылған.

БЕКБОЛАТ ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРЫ:

«Жастар» театрының өнерін тамашалауға халық көп жиылды. Залда бос орын болған жоқ. Көрерменнің қошеметіне қарағанда, «Жібек» шығармасы олардың көңілінен шықты. Әсірісе, әртістердің дауысы мен акробатикалық іс-қимылдарына халық тәнті болды.

«Жібек» шығармасында басты рөлдерді- Темірбек Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясының түлектері, тетардың талатты жас әртістері Мейірғат Амангельдин мен Назерке Серікболқызы сомдады.

МЕЙІРҒАТ АМАНГЕЛДИН, «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

НАЗЕРКЕ СЕРІКБОЛҚЫЗЫ, «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:

«Жастар» театрының ұжымы алдағы күндері  «Жібек», «Лифт», «Асауға тұсау», «Жанарымдағы  жалғыз әуен» атты қойылымдарын сахналайды. Айта кету қажет, солтүстік өңірден кейін өнер ұжымының гастрольдік сапары Көкшетау қаласында жалғаспақ. Одан соң, олар Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 13-ші театр маусымын ашпақ ниетте.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ  ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
17:18, 19 мамыр 2020
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...