ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

«ЖАСТАР УАҚЫТЫ»

13:10, 29 қараша 2019

Петропавлда «Жастар уақыты» атты жастар форумы өтті. Іс-шара барысында өңірдің бірқатар белсенді жас буын өкілдері түрлі марапатқа ие болды. Бұл күні жастар алдында эстраданың жарық жұлдыздары Райым мен Артур ән айтып, өздерінің жылы лебіздерің білдірді. Кеште болып қайтқан тілшіміздің бейнематериалы.

Игі дәстүрге айналған жиынды  биыл жаңадан  құрылған JB north group бірлестігі мен түрлі Республикалық және халықаралық додаларда жүлделі орындарға ие болып жүрген би ансамблінің жетекшісі Диляра Сабыр ұйымдастырған. JB north group директоры Аслан Тоқжановтың айтуынша болашақта олар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, жетім балаларға көмек көрсету мақсатында басқа да іс-шараларды қолға алмақ.

АСЛАН ТОҚЖАНОВ, JB NORTH GROUP ДИРЕКТОРЫ:

- JB north group бұл жастарымыздың бірлестігі. Біздің мақсатымыз осы облысымыздың жастарын қолдау. Оларды мадақтап, халыққа таныстыру. Себебі , олар бізідң болашағымыз. 2,10 Бірлестікті былай атауымыздың себебі яғни бұл кішкене әзіл-сымақ. Яғни латиницамен жазылып тұрғандықтан яғни жұрттың балалалары деген мағынаны білдедіреді.

ДИЛЯРА САБЫР, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Биыл жастар жылы деп аталғандықтан, біз осы жылды қорытындылауды жөн көрдік. Түрлі салада жетістіктерге жетіп, қоғамда өз орнын тауып, болашаққа тек үлкен жоспарлар құрған жастарымызды марапаттауды жөн көрдік. Жалпы бүгін бізде 11 номинацияда 36 номинант бар. Олар әлеуметтік желілерде жастардың дауыс беруі арқылы таңдалды.

Спорт, өнер, мәдениет, білім. Осы салаларда елеулі жетістікке жеткен өңіріміздің 36 жасы бұл күні өздерін нағыз жұлдыздай сезінді. Айдарбек Балғабековтың телевизия саласына келгеніне 9 жыл. Осы уақыт аралығында сан түрлі тақырыптарға журналистік зерттеу жүргізіп, мыңдаған сюжет түсірді. Хабар телеарнасының облысымыздағы меншікті тілшісі биыл «Жылдың ең үздік тілшісі» номинациясында жеңімпаз атанды. 

АЙДАРБЕК БАЛҒАБЕКОВ, «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ:

- Маған өзіме осы СҚОда тұратын қызықты адамдар туралы, олардың жетістіктері туралы, ерекше адамдар туралы сюжет, материал жасаған ұнайды. Журналистика шығармашылық жұмыс.

Бұл күні эстрада жұлдыздары Райым мен Артур ән шырқап, кештің көркін ашты. Орал қаласында осыдан бірнеше жыл бұрын құрылып, Қазақстан мен көршілес Ресей, Қырғызстан сынды мемлекеттерде танымалдылыққа ие болған жігіттер баршаның сүйікті «Самая вышка», «Сәукеле» секілді әндерің орындады.

RAIM & ARTUR:

Жалпы біз ДД рекордс командасы болып келдік. Алғашқы рет, Әділ, Артур, Мико және де мен Райым. Петропавлға алғаш рет келіп отырғандықтан сахнаға тез шығуға асығып отырмыз. Мұндай шаралар еліміздің көптеген қалаларында өтуде. Солардың барлығына біз қатысып үлгердік. Жалпы жастарға тілейтініміз тек қана белсенділік, алдағы уақытта тек биік белестерден көріне берсін.

Кеш ДД рекордс командасының өнерпаздары әзірлеген концертпен аяқталды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...