ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

17:59, 22 қазан 2019

Солтүстік өңірі - ақын-жазушыларға, ғалымдарға, композиторлар мен әншілерге бай. Солардың бірі – Шал ақын ауданының тумасы - Шашубай Малдыбаев.  Танымал тұлғаның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында  облыстық балалар мен жасөспірімдер  кітапханасында оқырмандармен кездесу өтті.

Шашубай Малдыбаев - ақын, әнші, сазгер, Қазақстан журналситер одағының мүшесі, Ж. Жабаевтың 150 жылдығына арналған  ән байқауының жүлдегері.  Жерлесіміз,  Шал ақын ауданы, Ысқақ Ыбыраев ауылында 1949 жылы дүниеге келген. Шашубай Ғалымұлы ғұмырын  шығармашылыққа арнаған жан.

ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ӘНШІ, КОМПОЗИТОР:

Жасөспірімдер кітапханасына қонаққа келіп отырмын. Бүгін жастармен, студенттермен, оқушылармен жүздесіп, сол кісілермен әңгімелесіп, өзім туралы, шығармашылық жолым туралы, өмірбаяным туралы, жастар қандай сұрақтар қояды соларға жауап беремін.  Жастар қауымен елге келген сайын жолығуға, кездеуге тырысамын. 

Шашубай Ғалымұлы - мектептен бастап өлең жазып, ән айтқан. Қорында 40-тан аса өлеңі бар.  Мамандығы бойынша филолог, журналист.  Баспасөздің қара шаңырағы бұрынғы «Ленин туы», қазіргі «Солтүстік Қазақстан» газетінде жұмысын бастаған. Кездесуде  ақын-сазгер жастардың сұрақтарына жауап берді. Өлеңдерін оқып, ән салып, шығармашылық, тәрбиелік тұрғыдағы  ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

АЛТЫНАЙ ІЗІНҒАЛИЕВА, СТУДЕНТ:

Тәрбиеге сана-сезімге қатысты бірнеше жайттарды айта кетті. Ол кісіден тәрбие жағынан мол жайттар алып жатырмыз. Шығармашылығы зор, 40-тан аса өлең жазыпты, әр өлеңінің мағынасы зор екен.

Қазіргі таңда, Шашубай Малдыбаев Алматы облысында тұрып жатыр. 70 жылдық мерейтойына арнап, оқырмандарымен,  жерлестерімен жүздесу мақсатында  25 қазан күні Оқушылар сарайында шығармашылық кешін өткізеді.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...