ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

ЖАЗУШЫ ЕРМЕК ҚОНАРБАЕВТЫ ЖЕРЛЕСТЕРІ ЕСКЕ АЛДЫ

14:37, 6 желтоқсан 2018

Петропавлда жазушы Ермек Қонарбаевты еске алуға арналған кеш өтті. Шал ақын ауданының тумасы көзі тірісінде халқына адал қызмет етіп, қажырлы жылдарын ұрпақты оқытуға арнады. Балалар әдебиетін жазды. Абзал жан бүгінде ортамызда болса 80 жасқа толар еді.

Киелі өлкемізде талай нар тұлға дүниеге келген. Солардың бірі - Ермек Қонарбаев. Жазушыны еске алу кешіне ұрпақтары, шәкірттері, жерлестері қатысты.  Ермек Қонарбаев Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші. Бүгінде оқушылары да мұғалімінің бар өнегесін бойларына сіңіріп, бар білгендерін жастарға айтып жүр. Жазушының тәлімін алған Үмітеткен Молдахметова да ұстазының жолын қуып, өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған екен.

ҮМІТЕТКЕН МОЛДАХМЕТОВА, Е.ҚОНАРБАЕВТЫҢ ОҚУШЫСЫ,  ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ:

- Ермек ағай мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласты. Үзілісті тиімді пайдаланатын. Ленин орта мектептің үлкен фойесінде Ермек ағай акардеонда түрлі күйді ойнайды. Аз ғана үзілісті мәнді-сәнді өткізетін. Сөйтіп, оқушыларды өнерге баулыды. Тап осы жарқын сәттер менің жадымда ерекше сақталып қалыпты.

Кеш барысында Ермек Қонарбаевтың шығармашылығы жайлы айтылды. Жиналғандардың айтуынша, жазушы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне аса мән берген.

ҚАДЫРӘЛІ СӘЙДУОВ, Е.ҚОНАРБАЕВТЫҢ БӨЛЕСІ:

- Артында қалған ұрпақтары бас көтеріп, бабасының өнегелі өмірін жұртшылыққа насихаттауда. Жарықтыңтың жатқан жері жайлы болсын! Шамасы жеткенше халқына адал қызмет етті. Ұрпақтарын өсірді. Қыздарының алды Астанада, ұлдары Сергеевкада тұрады. 

Бүгінде Жазушының елі Шал ақын ауданындағы мектептерде Ермек Қонарбаевтың есімі оқушыларға жиі айтылады. Туған ауылы Көктеректе шағын музейі бар. Онда жерлесіміздің заттары сақтаулы. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...