ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕС СУРЕТШІНІҢ ТУЫНДЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИНАҚҚА ЕНДІ

13:03, 29 қазан 2020

Суретші, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнер мұғалімі Әлия Мұқышеваның суреті Республикалық жинаққа енді. Онда Қазақстанның ұлы әйелдерінің бейнелері салынған туындылар енген. Тақырыпты әріптесім тарқатсын.

Әлия Мұқышева бала кезінен өнерге жақын. Әсіресе қылқаламмен сурет салғанды жақсы көреді. Білім саласында 15 жылдық еңбек өтілі бар ол Назарбаев Зияткерлік мектебінде 3 жылдан бері өнер мұғалімі. Осы жылдың ақпан айында Әлия Нұр-Сұлтан қаласында елдің әр аумағынан келген суретшілер жиынына барады.  Астанада қазақ халқының батыр қызы Мәншүк Мәметованың бейнесін салып, «Супер қыз» жобасына қатысады.

ӘЛИЯ МҰҚЫШЕВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ӨНЕР МҰҒАЛІМІ:

- Мен Қазақстанның «Арт скилл кз» суретшілер қауымдастығының мүшесімін. Ол жерде еліміздің барлық өңірінен өнерлі жандар бас қосқан. Сол жерде біз осындай жоба іске асырып жатқаны жайлы білдік. Сөйтіп өз бағымды сынап көруді шештім. Мен Мәншүк Мәметованың суретін салуға бел будым. Жалпы бұл жобаның басты мақсаты Қазақ халқының білімді, дана әрі қайсар қыздарының топтамасын жасау.

Жауынгер Мәншүктің бейнесін қағаз бетіне түсіру үшін Әлия көп ізденген. Батыр қыз жайлы біраз кітап оқып, тарихшылардан сұрастырған. Суретші өнер туындысына өзінің екі аптадай уақытын жұмсапты.

ӘЛИЯ МҰҚЫШЕВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ӨНЕР МҰҒАЛІМІ:

- Мен «Мәншүктің жұлдызды сәті» атты кітабын 1 айдай оқып, тарихшылармен тілдестім. Осы уақытты батыр қызымыздың бейнесін ашуға жұмсадым. Мәншүк менің көз алдыма өте батыл, жауапкершілігі мол, айтқанынан қайтпайтын әрі өте нәзік жан болып келді. Сөйтіп қағаз бетіне бәйшешек гүлдерін ұстап, әскери киім киген бейнесін салдым.

Жерлесіміздің салған суреті кішкентай қыздарға арналған «Супер қыз» кітабына енді. Бұл кітаптың басты мақсаты Қазақстанның тарихында есімдері алтын әріппен жазылған қыз-келіншектерді жастарға үлгі ету.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ РҰҚСАТ
17:17, 5 қараша 2020
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ Р...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...