Петропавлда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бастамасымен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғілімдері арасында «Жүзден жүйрік» облыстық байқауы өтті. Аталмыш конкурс биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған білім додасында ұстаздар 4 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Жалпы оған қатысуға өңірдің 120-дан астам мұғалімі ниет білдіріпті. Байқаудың соңында барлық қатысушылар сертификатпен, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Айта кету қажет, «Жүзден жүйрік» конкурсы осымен жиырмасыншы рет өткізіліп отыр.
ГҮЛЗАТ ӘЛЖАНОВА, «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ::
- «Жалпы іс-шарадағы өткізудегі мақсатымыз Қазақ тілі және әдебиет пәнінің кәсіби құзыреттілігін шыңдау. Бірінші кезеңінде мұғалімдеріміз өздері сауалнама толтырады. Екінші кезеңде тесте жұмысын тапсырады. Яғни бұл тест жұмысы мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін анықтауға бақытталған. Тест жұмысынан өткен әріптестеріміз биылғы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған. Яғни мұғалімдеріміз өзінің оқыту тәжірибесінде осы Абайдың шығармашылығын қашықтан қалай оқытады? Яғни осы төңірегенде бейнеролик дайындайды. ».