ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

17:59, 24 қазан 2018

Облыс аудандарындағы ішкі істер бөлімдерінің қысқа дайындығы пысықталып жатыр. Осы жолы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов Мамлют аудандық бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Сонымен қатар, облыстың бас полицейІ азаматтарды да қабылдады. Толығырақ келесі сюжетте.

Мамлют ауданының құрамында – 11 селолық округ пен 1 қала бар. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов аудан орталығының Жұмысшы кентіндегі учаскелік полиция пунктінде азаматтардың  жеке қабылдауды өткізді. Қабылдауға келген  тұрғындарды абаттандыру, сондай-ақ органға қызметке орналасу мәселелері қызықтырды.

- Сіздің өтінішіңізді жеткіземіз. Жол белгілерін, абаттандыруды мен өз бақылауыма аламын.

Сонымен қатар, департамент бастығы аудандық  полиция автопаркінің қысқа дайындығымен танысты. Полицейлерден басқа, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда көмек көрсететін жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің машиналары да тексерілді.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ІІБ БАСТЫҒЫ:

- Әкімдік барлық мемлекеттік мекемелерге 250 мың теңге бөлді – біз камера орнаттық және толығымен барлық көшелерді бақылай аламыз.

– Біз келесі жылы сапалы құралдарды қойып, жағдайды нақты бақылап отыруды жоспарлап отырмыз.

Берік Біләлов тәртіп сақшыларына құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуден бөлек, полицияға жүгінген әрбір ауыл тұрғынының өтініші мен мәселелеріне аса жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтты. Аудандық полиция бөлімдерінде  осындай тексерістер жыл бойы жүргізілетін  болады. Сонымен қатар, соңғы жылдары облыстық ішкі істер департаментінің бастығы азаматтарды қабылдау мен учаскелік инспекторлардың халық алдында есеп беру кезінде 200 ауыл тұрғынымен кездесті.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...