ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫН ОРНАТУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

20:43, 15 мамыр 2018

Егіс науқаны кезінде ауылдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейту және мал ұрлау фактілерін болдырмау -  өзекті мәселелердің қатарында. Осы ретте  бейнебақылау камераларының  санын  арттырған маңызды. Бұл туралы Шал ақын ауданы Кривощеково елдімекенінде өткен кездесуде айтылды.  

Қазіргі таңда облыс бойынша шамамен 30  ауыл мен 13 аудан орталығының учаскелік полиция пунктеріне қосылған бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл қылмыстарды қысқа уақыттың ішінде ашып қана қоймай, олардың алдын алуға мүмкіндік береді.  Кривощеково ауылының учаскелік инспекторының тұрғындармен есептік кездесуінде  мұндай  құрылғылардың  жоқтығы туралы айтылды. ІІД бастығы   Берік Біләлов АІІБ басшылығына бұл мәселені шешуді тапсырды.

БЕРІК БІЛӘЛОВ, СҚО ІІД БАСТЫҒЫ:

- Азаматтардың қауіпсіздігін, мүліктеріңіздің, өздеріңіздің, денсаулықтарыңыздың амандығын қамтамасыз ету үшін  полиция қызметінің ашық, айқын болуы тиіс және халықпен бірлесе жұмыс істеу керек. Ауылдық округ әкімімен бірлесе жұмыс істеу керек.

Кривощеково ауылдық округіне 5 ауыл қарайды, бұл шамамен 1200 адам. 22 адам полицияда есепте тұр. Жыл басынан бұл жерде 5 қылмыс тіркеліп, барлығы ашылған. Ауыл тұрғындары учаскелік полиция инспекторының жұмысына оң бағаларын берді. Бүгінде астық, жанар-жағар май  мен  мал  ұрлығының алдын алуға  ерекше  көңіл бөлініп отыр.   Бұл ретте  туындаған мәселелердің шешімін табуға аудан әкімі Нұрлан Есімов те қолдау көрсетуде. 

САЯТ ӘБІШЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ ІІБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Аталған бағытта жүргізілген профилактикалық жұмыстың оңды сәті ШҚ, ЖШС және ЖК тиесілі бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерін болдырмау болып табылады. Берілген ұсыныстарға сәйкес 5 объектіде бейнебақылау камералары орнатылды.

Кездесу соңында Берік Біләлов азаматтарды жеке қабылдады. Жергілікті тұрғындар  жергілікті оқушылар үшін ІІД мұражайына   экскурсия ұйымдастыруды өтінді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ, СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, беунебақылау камералары, тәртіп 

Тақырып бойынша материалдар

134 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА  ҚАРАЛДЫ
20:30, 13 тамыз 2018
134 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»  ШАРАСЫНЫҢ БАРЫСЫНДА  120 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
20:47, 10 тамыз 2018
«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫНЫҢ БАРЫСЫНДА 120 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар