ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ ӨЗЕНІ КӨТЕРІЛУДЕ Толығырақ

БОЛАШАҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР

18:14, 16 сәуір 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғарғы білім беру сапасын арттыру,  студент  жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту жайында өзінің «Бес әлеуметтік бастамасында» айтты. Бұл облыстық ішкі істер департаментінің бөлімшелерінде тәжірибеден өтіп жүрген курсанттарға көрсетілетін қолдау аясын кеңейтуге жақсы негіз болып отыр.

Аумақтық ішкі істер органдарында тәжірибеден өту үшін биыл Ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындарының 32 түлегі келді. Олар үшін барлық   жағдай  жасалып, әрқайсысына білікті тәлімгерлер бекітілді. Тәжірибенің соңғы күнінде болашақ лейтенанттар ведомстволық мұражайда бас қосып, салтанатты түрде ішкі істер департаменті бастығы Берік Біләловтің алғыс хаттарымен марапатталды.

ВИКТОР БУКРЕЕВ,  СҚО ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облыстық ішкі істер департаменті бастығының атынан  барлығыңызды біздің Солтүстік Қазақстан облысында атқарған қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін. Біздің өңірге Қарағанды академиясынан келіп отырған курсанттарға бізге қайтып оралады деген үміттемін.

Бұл олардың тәжірибеден сапалы өткендігі жайындағы алғашқы марапаттары. Үш ай бойы Петропавлдағы қалалық 1-нші  полиция  бөлімінде қылмыстық іздестіру ісінің қыр-сырымен танысқан қатардағы полицей Райынбек Мусанов Мақан Есболатов атындағы жоғарғы оқу орнында алған білімін тағы бір мәрте бекіте түсті.

РАЙЫНБЕК МУСАНОВ, М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:

- 30 қаңтардан бастап практика өтудемін. Мен осы академияда төрт жыл алған теориялық білімімді осы практикамен жалғастырып, білімімді одан сайын кенейттім. Осы практикада өзіме көптеген ақпараттар алдым. Қылмыскерлерді іздеу, қылмысты ашу, жолын кесу сияқты сондай тәсілдерін және осы жедел іздестіру шараларының тактикасын қолдану. 

Полиция жұмысының үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететінділіктілігі ішкі істер департаментінің мұражайында қойылған экспозияциялардан көрінді. Мұражай меңгерушісі Любовь Осинская курсанттарға резонансты қылмыстардың ашылуы жайында және қызмет бабында қаза тапқан қылмыскерлердің қызметі жайында айтып берді.  

СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, полицейлер

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ
14:36, 17 сәуір 2018
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...