ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР

20:30, 1 наурыз 2019

Солтүстікқазақстандық полицейлер де «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясына қатысуда. Жарты айдың ішінде барлық қызметтер мен бөліністердің қызметкерлері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге барып көмек көрсетті.

Алғашқылардың бірі болып акцияға облыстық Полиция департаменті Жылдам әрекет ететін арнайы жасағының инспекторлары қосылды. Олар Комсомольская көшесінде тұратын жалғызбасты зейнеткер әжейге көмек көрсету туралы бірауыздан шешім қабылдапты.

ОРМАН ӘБДІКЕШОВ – СҚО ПД ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

- Жұмысымыздағы әріптесіміз келіп жалғыз басты адам барын айтты. Сол кісіге көмек көрсеттік. Биылғы жылы қар көп болды. Ауласын, төбесін қар алып қалыпты.

Офицерлер айналасы бір-екі сағаттың ішінде зейнеткердің АУЛАСЫН қардан тазартып тастады. Көктем келгендіктен, сақшылардың қолғабысы қарттарға үлкен көмек болып отыр.

ТАТЬЯНА ШАМСУТДИНОВА – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

- Мен – Ларисаның көршісімін. Жігіттерге көмектескендері үшін алғыс айтамын. Өте жақсы жұмыс істеді. Әрі бізде биыл қар көп. Ол жалғыз тұрады. Жалпы, қуаныштымыз. Рахмет!

Әкімшілік полиция басқармасының офицерлері де акциядан тыс қалмай, Мақашевтар отбасына барды. Бұл отбасыда алты бала тәрбиеленуде. Ал, жергілікті полиция қызметі басқармасынан келген полицейлер Ойқала ауданында тұратын Пипустардың отбасына барды. Сақшылар балаларға киім-кешек, азық-түлік, отын әкелді.

Татьяна Пипус – Петропавл тұрғыны

- Жеті бала тәрбиелеп отырмын. Үлкеніміз – 15-те, мүгедек, ал ең кішкентайымыз – 6 айлық) 00:42-00:56 (Азық-түлік, отын әкеліп, көмек бергендері үшін Полиция департаментіне алғысымды білдіремін.                          

Дәл осылай облыстық және қалалық полиция ведомстволарының қызметкерлері қаланың түрлі аудандарында тұратын мұқтаж отбасылар мен зейнеткерлерге көмек көрсетті. Барлық он үш аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері де белсенділік танытты. Полиция департаментіндегі Әйелдер кеңесінің бастамасымен көпбалалы полицейлердің отбасыларынан шыққан балаларға арнап Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Полицейлердің айтуларынша, қайырымдылық акциясы бір реттік қана емес. Оларда  жыл бойы көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған ауқымды жұмыстар жоспарланған.

       

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...