ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ҚАН ТАПСЫР – ӨМІРЛЕРДІ ҚҰТҚАР

21:23, 31 қазан 2018

Петропавлда «Қайырымдылық: қан тапсыр - өмірлерді құтқар» акциясы өтіп жатыр. Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары да әдеттегідей қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, қан тапсырды.

Акцияға – полицейлер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, еріктілер қатысты. Тәртіп сақшылар Облыстық қан орталығына ұдайы баратындар қатарында. Жүйелі түрде медициналық тексерістен өту – қан тапсырушылардың денсаулығына оң әсер етеді және қан құю кезінде ауру жұқтырып алу қаупін болдырмайды.

Сәуле Оразова, ҚР Қызыл ай филиалының директоры:

- Бір қан тапсырушы 450 мл қан тапсырады. Бүгінгі күні 75 адам тапсырады деген жоспардамыз. Жалпы 33 литр, 750 мл  облыстық қан орталығының базасына тапсырылады және біз барша қан тапсырушыларға алғысымызды білдіреміз.

Қауіп-қатермен күнде жолығатын тәртіп сақшылар донорлық қанның жол-көлік оқиғалары және басқа да қайғылы оқиғалар кезінде қаншалықты қажет екенін жақсы біледі.

Игорь Левин, СҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының инспекторы:

- Бүгін департамент қызметкерлері Президенттің ұлт саулығы туралы бастамасын қолдай отырып, қанға мұқтаж жандарға қолдау көрсету үшін қан тапсыруға келді. Акцияға барлық бос ауысым қызметкерлері қатысты. Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерін ерекше атап өткім келеді. Олар апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін белсенділік танытып, кейбіреуі тіпті ауысымнан кейін де келді.

Үш сағаттың ішінде Облыстық қан орталығына 60-тан астам полиция офицері мен сержанты келген. Адам өмірін қорғайтын тәртіп сақшылар үшін қайырымдылық акцияға қатысу – азаматтық парыз.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...