ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚАҢҒЫБАСТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛМАҚ

21:51, 18 қазан 2018

Күн суытып, қыстың келуіне байланысты полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлары жоқ тұлғаларды анықтау жұмысын бастады. Қазіргі кезде Петропавлда есепте 196 үйсіз, қаңғырып жүрген азамат тұр. Мамандар олардың қатысуымен болатын қылмыстардың санын азайту үшін және оларды үсік шалудан арашалап қалу мақсатында  рейд ұйымдастырды.

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғаларды анықтауға бағытталған рейдтерді өткізуде. Сақшылар құдықтар, жылу құбырлары, қараусыз қалған ғимараттар сынды қанғыбастардың жиі мекен ететін орындарды аралауда. Тәртіп сақшыларының мәліметінше бүгінде Петропавл қаласында 196 қаңғыбас бар. Олардың 71 қыз-келіншек. Үйсіздер полиция қызметкерлерімен қабылдап тарату бөліміне жеткізіліп, жасалған қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында саусақ таңбалары алынады.

РУСЛАН ӘЛІБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  ІІБ ҚАБЫЛДАП- ТАРАТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Аталмыш бөлімшеге тұрғылықты мекенжайлары жоқ тұлғалар, өмірде қиын жағдайға душар болған адамдар жеткізілетін болады. Бұл жерде оларға медициналық көмек көрсетіліп, бір мезгілді кыстық ас берілетін болады.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғалар қалалықтардың мазасын алған жағдайда петропавлдықтар қабылдап тарату бөліміне жүгіне алатындықтарын еске салады.

РУСЛАН ӘЛІБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  ІІБ ҚАБЫЛДАП- ТАРАТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Егер де тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғалар сіздің подезге, жертөлеге кіріп немесе басқалайда бір себептермен мазағызды алатын болса 52-92-99 нөміріне хабарласуыңызға болады.

Рейд барысында сақшылар тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғаларға қайыр сұрағандығы үшін де жауапкершілік қарастырылғандығын  жеткізді.   

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар