ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ҚАУІПТІ ФЛЕШМОБ

20:40, 8 тамыз 2018

Соңғы кездері ғаламторда  «Kiki Challenge»   флешмобы кең тарап кетті. Оған    қатысушылар    жүріп бара жатқан автокөліктен түсіп, билейді және қайтадан көлік құралына отырады. Челлендж қатысушыларының осындай әрекеттері  қаншалықты заңды? 

Қауіпті челлендж Канададан келді, оның әлеуметтік қаупін түсінген ұйымдастырушылары одан бас тартқан. Атақты рэпперлерге еліктеушілер оны күрделендіріп қана қоймай, көптеген қосымша трюктерді ойлап табуда.

Жолдағы мұндай іс-қимылдар сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін, себебі қатысушылар өздеріне ғана емес, айналадағы адамдарға да қаншалықты қауіп төндіріп жатқанын түсіне бермейді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА – СҚО ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

- Бұл әрекеттер Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығы болып табылады. Өйткені көлік құралының жүргізушісі көлік құралы өз еркімен қозғалуды болдырмау бойынша шараларды қолданбай, көлік құралынан шықпауға міндетті. Сонымен қатар, жүргізуші жолаушылардың отырып, шығуын көлік құралы толық тоқтағанға дейін жүзеге асырмауға, ал қозғалысты тек жабық есіктермен бастап, оларды толық тоқтағанға дейін ашпауға міндетті.

Сәнге айналған челлендждің қатысушылары іс-әрекеттерінің заңнамаға қайшы келетінін түсінулері тиіс. Жол-қозғалыс ережелерінің жаппай бұзылуына жол бермеу мақсатында   ІІД қызметкерлері «Kiki Challenge» қатысушыларын жолдарда немесе әлеуметтік желілерде анықтаған жағдайда жауапкершілікке тартылатындарын ескертеді. Лайк жинаймын деп жарысқандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазалануы мүмкін.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...