ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ

21:13, 2 қараша 2018

Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер аулалық клубының 25 тәрбиеленушісі Кинологиялық орталықта болып, қызметтік иттердің жұмысымен танысты.

Полицейлер Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің аулалық клубтарымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді.Тәртіп сақшылары балаларға арналған осындай әсерлі іс-шараларды «есірткіге қарсы екпе» деп атайды. Жасөспірімдердің каникул уақытын қызықты және тиімді өткізулері үшін полицейлер бұл жолы оларды саяхатқа кинологиялық орталыққа апарды. Мамандар балаларға итті үйретудің әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Светлана Алексеева, Петропавл қ. ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі:

- Бүгін КҚО-ға  танысу және балалар-жасөспірімдер клубының өкілдерімен экскурсия өткізу үшін бардық. Балаларға күнделікті және есірткі заттарын іздестіру бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы көрсетілді.

Балалардың көбі қызметтік иттерді жаттықтыруда есірткі қолданатынына сенімді. Алайда, тәртіп сақшылар бұл қате пікір дейді.  

- Біз осындай еліктеуіш заттарды қолданамыз. Яғни, бұл ұнтақ қандай да бір есірткі затының ерекше иісі бар, жағымсыз әсері жоқ.

Лабрадор Бэлла жасырылған есірткіге ұқсаған жасанды затты заматта тауып, балалардың таңданысын тудырды. Қызметтік иттер түрлі жағдайда жұмыс істеп үйренген. Кинологтардың айтуынша, олар бензин мен майдың иісіне қарамастан есірткі затын автокөліктің қозғалтқышынан да тауып алыпты. Ал, Дона атты неміс овчаркасы «қаруланған қылмыскерді» ұстап, жасөспірімдерді қуанышқа бөледі.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдерді назардан тыс қалдырмайды.  Аулалық клубтармен ынтымақтастықта жұмыс істеп, балаларды көшенің кері  әсерінен сақтау мақсатында түрлі іс шаралар өткізіп келеді.

Максим Талипов, 8 сынып оқушысы:

- Маған жалпы ұнады, иттер де ұнады. Мен қорғаныш киімін киіп, қылмыскердің кейпіне ендім. Ит қолымнан қапты, бірақ оның тістегенін сезген жоқпын.  Жалпы маған қатты ұнады.

Жыл басынан тәртіп сақшылар иттердің көмегімен шамамен 20 есірткі қылмысын ашып, 5 жарым килограмнан астам есірткіні тәркіледі.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...