ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ? Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ

20:55, 13 сәуір 2018

Қоғамдық көлікпен жүргенде сақ болыңыз! Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оңай олжа тауып дағдыланған қалта ұрылары өздерінің арам пиғылын жүзеге асыру үшін бағыттық автобустарды таңдайды. Ондағы қарбалас пен адамның көптігі қарақшылар үшін оңтайлы жаңдай туғызады. Петропавлда жыл басынан қоғамдық көлік жолаушыларын тонаудың 7 фактісі тіркелді. Оның 6-ына ұялы телефон қолды болса, бірінде әмиян жоғалған.  

Баукеспелерді қолдарына қымбат гаджеттер ұстаған не болмаса ірі сомадағы ақшасы бар адамдар қызықтырады. Әмияніңіз немесе ұялы телефоныңыз киіміңіздің сыртқы қалтасында яки иығыңызға іліп алған сөмкеде жатса олардың ұрлануы әбден мүмкін. Қоғамдық көлікте немесе адамдар көп шоғырланған орындарда ақша ұрлаудың бірнеше әдістері бар. Автобус ішіндегі қарбаласты пайдаланып, қаскөйлер шыға берісте көмек көрсетеміз деп мазаңызды алады. Ал, жұп болып жұмыс істейтін ұрылар сізді итеріп не болмаса нұқып қалып, назарыңызды бөліп жібереді. Екіншісі, сіздің қалтаңызды тінтіп, құнды заттарыңызды алып кетуі ғажап емес.

АЛМАЗ ЖӘКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қалта ұрлықтары негізінен қоғамдық көліктерде жасалады. Ұрылар таңғы сағат 8-ден 10-ға дейін және 17.00-ден 20.00 сағат аралығында қалалықтардың жұмыстқа немесе үйлеріне қайтқан уақытында арам ойларын іске асырады. Қоғамдық көліктердегі қалта ұрлықтарының алдын алу үшін ақша мен бағалы заттарыңызды қолыңызға немесе киіміңіздің ішкі қалтасына салу керек.

Тәжірибе көрсеткендей, адамдар бір әмиянда ақша ғана емес, банк карталарын, жеке куәліктерін, тіпті көлік құжаттарын да сақтайды. Сондықтан, тәртіп сақшылары ақша мен құжаттарды бөлек  сақтауға кеңес береді.

- Уважаемые пассажиры! Во избежание карманных краж – будьте внимательны. Старайтесь держать сумки  и ценные вещи перед собой.

Қалта ұрылары бейнебақылау жүйесі орнатылған жерлерден сескеніп, айналып өтеді. Автобусты камерамен жабдықтау - осындай сипаттағы қылмыстардың алдын алып, анықтауда үлкен көмегін тигізеді. Егер сізді тонап кетсе, тезарада «102» нөміріне хабарласу қажет. Полицияға уақтылы қоңырау шалсаңыз, қылмыскерлердің ізі суымай, қылмыстың тез ашылуына мүмкіндік бар.

СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қалта ұрылары, қоғамдық көлік

Тақырып бойынша материалдар

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫН ТОНАҒАН  АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
21:05, 20 шілде 2018
ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫН ТОНАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
«АВТОБУС» АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
20:32, 18 шілде 2018
«АВТОБУС» АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар