ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАЙДЫ

18:28, 12 қазан 2018

Петропавлда «Көршілер бақылауы» алдын алу бағдарламасы табысты жұмыс істеп келедіЖыл басынан белсенді тұрғындардың арқасында 865 құқық бұзушылық  анықталып,  кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаладағы базарлардың бірінің аумағында учаскелік инспекторлар алкогольдік өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Полицейлер сатушыны ақша алып жатқан жерінде ұстады. Кейін тексеру барысында 59 жастағы адамнан 100 литрден астам сұйықтық табылды. Сараптама оның спирт екенін көрсетті.

МЫРЗАГЕЛДІ ИМАНБАЕВПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Заңсыз алкогольдік өнімдері сатылғандығы туралы ақпарат түсті. Осы ақпаратты тексеру барысында 120 литр заңсыз алкогольдік өнімдері тәркіленді. 463-баптың 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал жиналды. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Бұл бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Жылдың басынан «Көршілер бақылауы» тобының инспекторлары осындай 6 фактіні анықтады.  Жалпы, сенім телефонына барлығы 2 мыңға тарта түрлі хабарламалар келіп түскен. Олардың  865-і бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Олардың басым бөлігі рұқсат етілмеген орындарда сауда жүргізу, иттер мен мысықтарды асыраудың және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша. «Көршілер бақылауы» бағдарламасының сенім телефоны тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Аты-жөніңізді қалдырғыңыз келмесе, жасырын қоңырау шалуға болады.

СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...