ШҰҒЫЛ! «НҰРЛЫ ЖЕР» БОЙЫНША ПӘТЕР АЛУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ 20-ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК НОМЕРДІ ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІ

20:15, 12 маусым 2018

Көлік иелері үшін жағымды жаңалық. Енді мемлекеттік нөмірлік белгілерді өз таңдауыңызға қарай алуға болады. Жаңашылдық енгізілген алғашқы күні бұл қызметті 20 солтүстікқазақстандық пайдаланып үлгерді.

Мамырдың 26-сынан бастап Қазақстандағы көлік иелері мен жүргізушілер үшін бірқатар өзгерістерді қарастыратын нормативтік-құқықтық актілер қолданысқа енгізілді. Бұдан былай мерзімі аяқталмаған жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін медициналық комиссиядан өту, сондай-ақ, Қазақстан аумағында қолданыста жүрген көлікті қайта тіркеу кезінде автокөлікті тексеру міндетті емес. Ал, 11-ші маусымнан бастап тағы бір жақсы жаңалық енгізіліп отыр.

СЕРГЕЙ ГИЗБРЕХТ, СҚО ІІД ТІРКЕУ-ЕМТИХАН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Бүгіннен бастап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа қызмет қосылды. Енді азаматтар нөмірді өздері таңдай алады. Халыққа қызмет көрсету орталығы оларға нөмірлер тізімін ұсынады. Нақтырақ айтсақ, қызмет алушы тұлға нөмір үшін төленетін төлемге бұдан былай өзіне ұнайтын нөмірді алуына болады.

Негізінен тұрғындар арасында «айна нөмір» аталып кеткендер сұранысқа ие. Мемлекеттік қызмет қолданысқа енген алғашқы күні  бұл жаңашылдықты 20 солтүстікқазақстандық пайдаланды. Солардың бірі - Виталий Михайлов.   

ВИТАЛИЙ МИХАЙЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бүгін жолым болып, 015FVA15 нөмірін таңдадым. Әдемі сандар, әрі біздің өңірдің реттік нөмірі. Көптен бері алғым келіп жүр еді. Бүгін сәті түсіп, көлігіме тағып алдым.

Айта кететін тағы бір жаңалық, қазақстандықтар маусым айының соңына қарай үйлерінен шықпай-ақ, e-gov порталы арқылы 7 мың теңге шамасындағы мемлекеттік баж салығын төлеп, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көліктеріне дайын болған тіркеу нөмірлерін ала алады.  

СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мемлекеттік нөмірлер

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
20:55, 16 тамыз 2018
АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ...
Толығырақ...
САЯЖАЙЛАР АТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА
20:35, 15 тамыз 2018
САЯЖАЙЛАР АТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...
ҚАЙЫР ТІЛЕГЕН АЛАЯҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАНУҒА БОЛАДЫ?
18:05, 14 тамыз 2018
ҚАЙЫР ТІЛЕГЕН АЛАЯҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАНУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ІҢКӘР ЖҮРЕК»  ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
20:30, 14 тамыз 2018
«ІҢКӘР ЖҮРЕК» ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Толығырақ...
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
21:00, 16 тамыз 2018
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ 7-ШІ ӘЙЕЛДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
13:35, 13 тамыз 2018
Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ 7-ШІ ӘЙЕЛДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТ...
Толығырақ...