ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖҮРГІНШІ!

18:12, 1 қараша 2018

29 қазаннан бастап облыс жолдарында «Назар аударыңыз,  жүргіншіреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Жыл басынан облыс орталығы жолдарында жүргіншілердің қатысуымен 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 1 адам қаза тауып, 74 адам жарақат алды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көп жағдайда қайғылы оқиғалар жүргіншілердің  кінәсынан болады. Жол қозғалысына қатысушылардың кез келгені ЖКО құрбанына айналуы мүмкін. Сондықтан да тәртіп сақшыларының басты міндеті –адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Баян БайғаскинаСҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

- Жыл басынан 4900 тарта жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргіншілердің қатысуымен 26 ЖКО жасалды. Оның ішінде 13 ЖКО жаяу жүргіншілердің  кінәсынан болған.

Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы облыс жолдарында 682 жолда жүру ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде 21-і жүргінші жолағынан өту, 7 – көше қиылыстарынан өту қағидаларын бұзған. 7 – масаң күйде автокөлікті басқарса,  108 жол ережесін бұзушылық жаяу жүргіншілердің тарапынан болған.

Жүргіншілердің ең басты қателіктері - жолды бағдаршамның тыйым салынған белгісіне немесе жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.  «Назар аударыңыз, жүргінші!» жедел-алдын алу іс-шарасы 2 қарашаға дейін жалғасады. Алайда полицияның басты мақсаты айыппұл салып жазалау емес. Жол қозғалысының барлық қатысушыларына жолдағы тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндіріп, жеткізу.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...