ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

21:18, 9 қазан 2018

Полиция қызметкерлері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар жайында жедел түрде сенім телефондары бойынша хабарлауға болады. Ол облыстық полиция ведомствосында, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінде де жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 61-26-82 сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы кез-келген адам полицейлердің заң бұзушылығы туралы хабарлай алады. Биыл жыл басынан бұл нөмірге 32 хабарлама келіп түскен.

АСХАТ СӘДУАҚАСОВ, СҚО ІІД ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Олардың барлығы СҚО ІІД Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Барлық фактілер бойынша тыңғылықты тексерулер жүргізілді. Арызданушыларға жауап жолданды. Және «1402» - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірыңғай сенім телефн ыжұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Сонымен қатар ведомствоның порталында Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығы Берік Біләловтің жеке блогы жұмыс істейді. Мұнда тіркелуден өткен соң облыстың бас полицейіне жеке өзіне тікелей хат жолдауға болады. Жыл басынан блогқа 14 өтініш келіп түскен. Олардың 7-уі шағым болса, қалған 7-уі кеңес сұраушылар.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...