ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ 389 РЕТ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН

18:08, 22 қазан 2018

Үш күн ішінде  солтүстікқазақстандық қоғамдық көлік жүргізушілері  389 жол ережсін бұзған. Оның ішінде куәліксіз жолға шыққан азаматтар да бар. Ал жүргізушілердің көбі ұялы телефонмен сөйлескені үшін жауапқа тартылды. Ол «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы  аясында тіркелді.

18 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы аумағында үшкүндік республикалық «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Басты мақсат – жолаушылар тасымалдау саласында қауіпсіздік деңгейін арттыру. Осы уақыт аралығында  қоғамдық көлік жүргізушілері 389 бұзушылыққа жол берді.

Баян БайғаскинаСҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

- Осы жедел алдын алу іс-шарасының басты мақсаты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгін рейдтік іс-шаралар өткізу барысында көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік құралының техникалық жағдайына аса назар аударылды.

Жолаушыларды тасымалдау кезінде рөлде отырып телефонмен сөйлескен 100 астам жүргізуші, жылдамдықты асырған 38 жүргізуші назарға ілінді. 19 жүргізушіде көлік құралын басқаруға қажетті құжаттар болмаған. «Оңтүстік» бақылау бекетінде Петропавл қаласына кіру кезінде бір сағат ішінде бірден екі бұзушылық анықталды. Түркістан облысына бағыт алған автобустың  салонында жолаушылардың саны отыратын орын санынан артық болған. Нәтижесінде 43 жастағы жүргізуші  ҚР ӘҚтК 593-бабы 1-бөлігі бойынша жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Петропавлдан Сарыағашқа жолаушыларды тасымалдайтын басқа автобустың жүргізушісінде  алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен заттардың тізімі болмаған.

«Автобус» операциясының басты мақсаты тек анықталған құқық бұзушылықтардың саны емес, жолаушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғасының алдын алу болып табылады.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...