ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ

20:40, 1 наурыз 2019

Өңірде кәріздік құдықтардың қақпақтарын іздестіру операциясы басталды. Тәртіп сақшылары темір-тесек қабылдайтын пунктердің бәрін тексеруде. Жедел алдын алу шарасына салықшылар мен прокурорлар да жұмылдырылды. Тілшіміз толықтырсын.

Апат, ажал айтып келмейді. Өткен аптада астаналық отбасы кешқұрым ойнауға шыққан 13 жастағы баласынан көз жазып қалды. Тәртіп сақшылары жасөспірімді үш күн іздеді. Нәтижесінде баланың мүрдесін үйден 100 метр алшақта аузы ашық тұрған кәріздік құдықтың ішінен тапты. Бұған кім кінәлі? Осы дерек ішкі істер министрлігіне қозғау салды. Енді аймақтардағы бағынышты ведомсвтолар темір-тесек қабылдайтын пунктерді тексеріп жатыр.

АСАН МЕЙРАМОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ІПБ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

- Қала бойынша кәріздік құдықтарды тексеріп жатырмыз.  Және металл қабылдайтын пунктерге барамыз. Сондай-ақ, ұрланған аккумулятор мен  автобөлшектерді іздестіріп жатырмыз. Табылса иелеріне қайтарып береміз. Көшелерде аузы ашық құдықтарды көрген адамдар бізге дереу хабарласын.

Жедел алдын алу шарасына прокурорлар мен салықшылар да жұмылдырылды.  Тәртіп сақшылары мен қадағалаушылар қолдарына фотоаппараттарын алып, Жұмысшы кентіндегі үйлердің есігін қақты. Темір-тесектен жылына 1-2 млн теңгеге дейін табыс тауып, кәсібін заңдастырмағандарды тапты. 

АСХАТ ЖОЛМҰҚАНОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Жеке ауласында темір-тесекті заңсыз қабылдап, оны сатып жүргендерді біз де тексеріп жатырмыз. Жалпыға ортақ ережеге бағынбаса, заңбұзушының үстінен әкімшілік материал дайындап, сотқа жолдаймыз. Одан кейін ол пысықай заң жүзінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттеледі. Бұл жағдайда ешқандай айыппұл қарастырылмаған. 

Алайда, жылдық айналым қаражаты 3 млн теңгеден аспаған жеке тұлғалар кәсібін заңдастырмауға құқылы. Кәріздік құдықтардың қақпақтарын іздеу операциясы наурыздың 6-сына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...