ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКОМЕН КЕЗДЕСТІ

21:32, 26 қазан 2018

Екі дүркін Азия Чемпионы, «Астана» клубының велошабандозы Алексей Луценко облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен кездесті.  Тәртіп сақшылары спорт «жұлдызымен» әңгіме-дүкен құрып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ол екі жыл бұрын, ішкі істер органдарына қызметке тұрып, қатарадағы сарбаздан, офицер шеніне дейін өсті.

Тәртіпсақшылар әріптесін қошеметпен қарсы алды. Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері және қызметкерлер жиналды. 12 қазан Қазақстанның ұлттық чемпионы Түркияның Президенттік турында 206 км жарыстан кейін финалдық көтерілу шыңында тау спринтінде жеңіске жетті.

ЖАНАТ СҰЛТАНОВ, СҚО ІІД КАДР ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Алексей Луценко жиналғандарға спорттағы алғашқы қадамдары жайында айтты. Шағын ауылдан шыққан қарапайым бала талпыныс пен еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО, ВЕЛОШАБАНДОЗ, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ:

- Жеке құраммен кездесуге шақырғанына қуаныштымын. Осыдан екі жыл бұрын құқық қорғау саласында да қызмет етуді шештім. Сондықтан күн сайын, қоғамдық тыныштықты сақтауда тер төгіп жүрген әріптестердің алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен құрмет. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша Алексей Луценко Азияның ең үздік велоспортшысы атанды. Бір айта кететіні, жерлес спортшы желтоқсан айынан бастап жаңа спорттық маусымға дайындығын бастамақ.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар