ШҰҒЫЛ! СУДЬЯЛАРДЫҢ VIII СЪЕЗІ ӨТТІ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚЫСҚА ДАЙЫН

21:12, 17 қазан 2018

Ішкі істер департаментінің құрамы жаңа қызметкерлермен толықты. Тұңғыш Президент саябағында полицияға келген 10 жас маман салтанатты түрде ант қабылдады. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің облыс орталығында және қала сыртындағы жолдарында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға тартылған 70-тен аса автокөлігі тексерістен өтті. Автопарк қосымша тағы 11 көлікпен толықты.  

Мағжан Жұмабаев көшесінде полиция қызметінің 70-тен аса темір тұлпары тізіліп тұр. Облыстық ІІД бастығы генерал-майор Берік Біләлов  қызметтік автокөліктердің сыртқы түріне, техникалық жағдайына және қыс мезгіліне қаншалықты дайын екендігіне баға берді.

ШӘМШИДЕН АҚЫШЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ЖПҚ БАСТЫҒЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ:

- Достық алаңында Петропавл қаласы гарнизонының 70-тен астам автакөлігі тізілді. Тежеуіштері, іштерін қарап және шамалы кішкентай ескертулер болды, алдын ала болдырмайтындай етіп тексерістерден өткіздік. Жыл сайын өтеді.

Жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен биыл полиция автопаркі Лада Веста маркалы 11 машинамен  толықты. Сондай-ақ, жеке құрам қысқы киімге көшіп, саппен жүріп өтті. Тұңғыш Президент паркінде сонымен қатар, 10 жас қызметкер салтанатты түрде Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді. Олжас Жоламанов Петропавл қаласының ІІБ полиция-жүргізушісі ретінде жұмысқа орналасқан.  Полиция қатарына жаңа қосылған азамат қызметті адал әрі абыройлы атқаруға сөз берді.

ОЛЖАС ЖОЛАМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ПОЛИЦИЯ-ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Қоғамдық тәртіпті қамтамассыз ету мақсатында осы жұмысқа орналастым.Еңбек өтілім бес жыл, қазір осы жерде жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды.  Өсіп келе жатқан бауырларыма өзімнің абыройымды көрсету үшін қызметімді жақсы атқаруға тырысам.

Жас мамандарды ІІО ардагерлері, ІІД аппараты мен туыстары құттықтады. Саптық байқауды қалалық және аудандық полиция бөлімдері салтанатты маршпен аяқтады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, тәртіп сақшылары, СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...