ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

20:41, 5 қараша 2018

Облыстағы екі селолық округта учаскелік полиция инспекторлары халық алдында есеп берді. Оған облыстық Полиция департаментінің басшылығы да қатысты. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов селолық учаскелік инспекторларының жұмыс жағдайымен жеке танысып, олар туралы ауылдықтардың пікірін білді.

Қызылжар ауданының Бугровое селолық округінде 900-ден астам адам тұратын 5 ауыл бар. Олар Жергілікті учаскелік полиция инспекторы Ерлан Барбановтың қарамағында. Жыл басынан округте 6 қылмыс тіркелген және 58 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.  Полиция генерал-майоры Берік Біләлов тергеу амалдары жүргізіліп жатқан қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жандандыруға жалпы нұсқау берді.

- Маған оған көмекке жүгінуіме тура келді, өзі келіп барлық мәселелерді құзырлы, кәсіби, сыпайы түрде шешті. Мен оған алғыс білдіремін. Ол бізге керек. Жұмыс орнында қала берсін, біз оған көмекке дайынбыз. Осыншама көп халық, бірақ сөйлемей үнсіз отырғандары мен үшін өте өкінішті... – Біз оған қолдау көрсетеміз!

Шал ақын ауданының Приишим селолық округінің учаскелік полиция инспекторы Ринат Байсейітовтің есеп беруі де ашық түрде өтті. Оған Повозочное, Ортақкөл, Минеевка, Бірлік – сеніп тапсырылған.  Жыл басынан Приишим округінде 190 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстар тіркелген жоқ. Повозочное селосында жергілікті ЖШС басшысы көмегімен 34 бейнебақылау камерасы орнатылып, біразы учаскелік полиция пунктіне қосылды.   

- Орталық, ЖШС, мұнда барлығы қамтылған. – Телефон, бәрі жұмыс істей ме? – Иә солай! Жұмыс істейді. – Ең бастысы, жылы болуы, тағы. – Иә, үй-жай жылы.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы Бугровое мен Повозочноедағы үй-жай мен учаскелік полиция пункттерінің жабдықталуын тексерді. Сондай-ақ   екі ауылдық округта да Консультативтік-кеңесші орган төрағасының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдады. Жыл басынан облыстық полиция департаментінің бастығы  20-дан астам селолық округта болып, облыстың 3 000 тұрғынмен кездесті. Оның жеке қабылдауында 70ке тарта адам болды.

СҚО ІІД

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...