ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ

17:52, 14 қыркүйек 2018

Өңірімізде «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасының басынан полиция инспекторлары 4700-ге тарта пәтер мен үйлерге барып, 608 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін, және отбасында жанжал шағарғаны үшін жауапқа тартылды.  Іс-шараның мақсаты – азаматтармен тығыз әрі сенімді қарым-қатынас орнату, сонымен бірге, қылмыстар мен қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу.

Шара аясында Батыр Баян көшесіндегі 66-шы үйдің ауласында № 6 учаскелік полиция пункті инспекторларының қызмет көрсететін аумағы бойынша тексеру жүргізілді. Полиция инспекторы Медет Темірбеков тұрғындармен кездесу кезінде атқарылған істерге тоқталды.

ШӘМШИДЕН АҚЫШОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Петропавл қаласының аумағында 5 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл кездесудегі мақсатымыз – тұрғындармен сөйлесу арқылы олардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, олардың учаскелік полиция инспекторларына қандай сұрақтары, проблемалары бар екенін білдік. Қызықтырған сұрақтарына жауап бердік.

Мұндай кездесулер облыс орталығындағы қызмет көрсетілетін барлық 13 учаскелік полиция пунктінде өткізілмек. Мұндай бастаманы тұрғындар да қолдауда. Бұл кездесулер учаскелік инспекторлармен тығыз байланыс орнатып, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін шешімі табылмай жүрген мәселелердің басын ашпақ.

АЛЕКСЕЙ ЗОТОВ, ПИК ТӨРАҒАСЫ:

- Инспекторлармен  танысып, оның байланыс нөмірлерін алдық. Бұдан былай адамдар маған емес, тікелей учаскелік инспекторға хабарласа ала алатын болады.

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасының басынан қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері есепте тұрған 600-ден астам тұлғаның тұрғылықты мекенжайында болып қайтты. 300-ден астам шетел азаматы мен азаматтық қаруы бар 433 адам тексерілді. Оның барысында қару сақтау ережелерін бұзудың 11 фактісі анықталды. Жалпы, шара аясында ереже бұзған 608 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 214-і – қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін, ал 42-сі – отбасында жанжал шағарғаны үшін жазаланды.

СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, учаскелік полицейлер, тексеріс жұмыстары

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...