ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҮЗДІК КРИМИНАЛИСТ

20:50, 28 ақпан 2019

Облыстың үздік криминалисі анықталды. Ол үшін өңірдің жедел-криминалистикалық бөліністері қызметкерлерінің арасында кәсіби байқау ұйымдастырылып,  қатысушылар кезең арқылы іріктелді. Толығырақ облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Қылмыс орын алған жерге дәлелдерді жинау үшін алдымен криминалистер шығады. Сондықтан байқау барысында  қызметкерлердің дене дайындығына ерекше назар аударылады. Жылдам жүгіріп, мергендік танытудан бөлек, бүгінгі күннің сарапшы-криминалисі фото-бейнеаппаратураны, физика, биология, химия салаларын, тіпті заңнаманы да жақсы меңгеруі қажет.

 ИГОРЬ СЕМЕНОВ – СҚО ПД ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

- Байқауға облыстық аппараттың, қалалық және аудандық бөліністердің криминалистері қатысып жатыр. Қызметкерлер дене дайындығынан, қоян-қолтық ұрыстың әдістерінен сынақтар тапсырып, заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтуде. Сонымен бірге, қызметтік қарудан атудан мергендіктерін дәлелдеуде.

 Байқауға қатысқан 25 адамның арасынан СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі полиция майоры Жақсылық Уәлиев үздік шықты. Ол өткен жылы 185 тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларына, оның ішінде  ауыр қылмыс түрлері бойынша 39 оқиға орындарын қарауға қатысыпты. Онымен оқиға орындарынан алынған іздер 22 қылмысты ашуға көмектескен.

 ЖАҚСЫЛЫК УӘЛИЕВ – СҚО ПД ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРМАНЫҢ АҒА КРИМИНАЛИСІ

Полицияда 2008-ші жылдан бастап қызметтемін. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасында аға криминалистпін. «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық жүйесінің операторымын. Тірі тұлғалардың, анықталмаған мүрделердің дактокарталарымен, сондай-ақ, қылмыс жасалған жерлерден алынған саусақ іздерімен және сәйкестендірудің басқа да түрлерімен жұмыс істеймін.

Екінші және үшінші орынды Тайынша ауданы полиция бөліміндегі жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі полиция майоры Анатолий Шушковский және СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисі полиция капитаны Аман Тұғымбаев иеленді. Биылғы жылы өткізілген «Үздік криминалист» байқауы көктемнің алғашқы күнінде мерекеленетін маңызды кәсіби дата – криминалистикалық қызметтің құрылуының мерейтойына арналды.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...