ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН Толығырақ

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАЙТЫН ЖАҢА ЖҮЙЕ

21:36, 11 қазан 2018

Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалысын бақылайтын жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа мобильдік кешен облыс жолдарындағы жағдайды сканерлейді. Тәртіп бұзушыларды анықтап, ақпаратты процессингтік орталыққа жібереді. Алайда, қондырғы сынақтан өтіп жатқандықтан, жол ережесін бұзған жүргізушілерге әзірше жаза қолданылмайды.

Әлеуметтік желілерде жолдардағы жағдайды бақылап тұрған үш аяқты қондырғы туралы ескертпе хабарламалар көптеп таратылып жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, интеллектуалды жүйелер жылдамдықты сүйетін жүргізушілер арасында тәртіп орнату үшін қойылған. Бүгінде Петропавлда  осындай 7 стационарлық жүйе жұмыс істеп тұр.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Петропавлда құқық бұзушылықтарды тіркейтін автоматты жылжымалы құрылғыларды енгізудің пилоттық жобасы жүргізілді. Аталған жүйелер арнайы стационарлық байланыс желілері мен тоқ көзіне қосып қоюды қажет етпейді. Сондықтан кез келген учаскеде 10 минут ішінде орнатып қоюға болады. Бұл жүйе құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, радиобайланыс арқылы процессингтік орталыққа жібереді. Аталған жүйе сынақ режимінде пайдаланылғандықтан, жол ережелерін бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Сыналып отырған мобильдік жүйенің негізгі міндеті – жылдамдық режимін сақтауды бақылау. Сондай-ақ, өз бетінше іздеу режимін қосып, жолда келе жатқан көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін базадағы мәліметтермен салыстырады. Жаңа құрылғы алғашқы күні Қизатов пен Набережный көшелеріне қойылып, жылдамдықты асырудың 50-ден астам фактісін тіркеді.

СҚО ІІД

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жол қозғалысы, жаңа құрал

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
20:40, 1 наурыз 2019
ТЕМІР-ТЕРСЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...