ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

2019 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ЖАҢА САНАТЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

20:54, 16 қараша 2018

Жаңа жылдан бастап салық төлеушілердің жаңа санаты пайда болады. Олардың қатарында импорттық тауарларды өткізетіндер,  экспедиторлар мен комиссионерлер және қосылған құн салығын төлеушілер бар. Аталған топтарға жататын кәсіпкерлер 2019 жылдан бастап электрондық шот-фактураларды уақытында тапсыруға міндеттелмек.

Заң нормасы орындалмаған жағдайда 20-дан 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін әкімішілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл шамамен 378 мың теңгені құрайды. Электрондық шот-фактураны 15 күнтізбелік күн ішінде жаздырып алған дұрыс. Оны тапсырмағандар бірінші рет ескерту алады, екінші рет 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Ал құжатты кешіктіріп бергендерге 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.

АНАР ӘДИЕВА, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазірден бастап халыққа қызмет көрсету орталығынан цифрлық қолтаңбаны алып, салық органдарының электрондық жүйесінде тіркелу қажет. Жылдың аяқталуына бір жарым ай қалды. Салық төлеушілерге осы бастан электрондық шот-фактураларды толтыруды үйрене беру керек. Құжат қате толтырылған жағдайда оны жүйе  қабылдамауы мүмкін. Салдарынан электрондық шот-фактура тиісті жеріне жетпей қалады.

Электрондық шот-фактураларды толтыру әдісін қарашаның 19-ы өтетін семинарда үйренуге болады. Ақпараттық-түсіндіру шарасы облыс орталығында кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді.Семинарды онлайн тәртібінде қашықтықтан көру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, қажетті  ақпаратты мемлекеттік кірістер департаментінің сайтынан біле аласыздар .

Анықтама телефоны: 466050, 500064

Толығырақ ақпаратты төмендегі мекен жайлар бойынша білуге болады:

Петропавл қаласы Мир көшесі 85 үй, 38-ші кабинет

Тел.: 466684, 466050

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
17:59, 6 желтоқсан 2019
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
20:35, 5 желтоқсан 2019
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:50, 27 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...