ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

АГРОҚҰРЫЛЫМДАР ӘЛЕУЕТІ

13:01, 9 қыркүйек 2019

Күнара жауын жауып, диқандар үшін биыл күн райы оң қабақ танытпай жатыр. Астықтың ысырап болу қаупі жоғары. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек,  2 млн 861 мың гектар егістіктің 33 пайызында егін орылып, 23 пайызында бастырылған. Өңірдегі жекелеген агроқұрылым танап басындағы масақтарды ылғалды күйінде тура бастырып жатыр. Күзгі өнімді кептіруге оларда барлық жағдай жасалған. Қажетті қондырғылары мен қоймалары бар.  Сондай серіктестіктердің бірінде әріптесім Берік Қасен болып қайтты. 

2014 жылы жер ырыздығын молынан берген еді. Алайда, аграрлы аймақ  күзгі өнімді дер кезінде жинап үлгермей, біразын ысырап қылды. Солтүстікқазақстандық диқандар бұл қателікті екінші рет қайталамаймыз деп отыр. Ол жағдайдан «Новомихайловское-2003» серіктестігі де сабақ алыпты. Сол жылдары компанияға қарасты егістік жердің 30 пайызын қар басып қалған екен. Биыл да күн райы оң қабақ танытпай тұр. Масақ ылғалдылығының жоғары болуына қарамастан, «Новомихайловское-2003» серіктестігі күзгі дала жұмыстарын ерте бастады. Себебі алда не болары белгісіз. Машина-трактор паркінің жартысынан астамын өнімділігі жоғары техникалармен алмастырған. Алқапта комбайндар тоқтаусыз жүйткіп жүр. 13 механизаторда тыным жоқ. Бәрінде мақсат бір. Компания басшылығы өзгелер сияқты ақшасын қысып ұстамайды. Шаруаға қажеттің бәрін сайлап алған. Енді олар күзгі өнімнің кепкенін күтпейді. Бойында ылғалы жоғары бұршақты 21, арпаны – 27, бидайды - 19 пайызбен жинап жатыр.  Өздерінде астық кептіргіш бар. Қуаттылығы - сағатына 20 тонна.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, «НОВОМИХАЙЛОВСКОЕ-2003» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Биыл кептіргішке арнап сұйытылған газ қондырғысын сатып алдық. Оған дейін дизель отынымен жұмыс істеп тұрды. 10 күнде 3 млн теңге үнемдедік. Газға көшу тиімді болды. Бағасы қалта көтерерлік. Келісі 105 теңге. Ал дизельдік отынның бағасы 85 теңгеге артық.

«Новомихайловское-2003» компаниясы элеватордың қызметін қолданбайды. Қоймалары жетерлік.  Жиынтық сыйымдылығы 10 мың тонна. Жақында астық сақтайтын орындардың қатары 2—еуімен толығыпты.  Біреуінің аумағы 1700 шаршы метрді құрайды. Есігінен камаз еркін кіріп-шығады. Мұнда жауынды-шашынды күндері майлы дақыл түрлерін де кептіріп, сақтайды. Оған арналған 200 тонналық полиэтилен қаптары бар.Кәсіпорындағы күзгі өнімнің дені дәнді, бұршақты және қалған 40 пайызы майлы дақылдардың үлесінде. Алдағы уақытта 11 мың гектардағы ырыздықты ысырапсыз жинап алу міндеті тұр. 

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, «НОВОМИХАЙЛОВСКОЕ-2003» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұршақ дақылдарын өсіреміз. Биыл алғаш рет соя тұқымын 96 гектар алқапқа сіңірдік. Шығымдылығы жақсы болса, дақыл түрінің аумағын ұлғайтамыз. Соңғы 10 жылда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Дәнді және майлы дақылдар бойынша гектарынан 20 центнерден кем өнім алмаймыз. 

Вячеслав Шёголев агротехникалық шараларды қатаң ұстанбай, жақсы көрсеткішке қол жеткізу мүмкін емес дейді. Оның ішінде ауыспалы егіс әдісін де тиімді пайдаланады. Шығымы ойдағыдай болады.  Егістіктің 20 пайызын парға қалдырады. Тамыз айында күзгі сүрлеу жұмыстарын атқарады.   Тер төккен еңбеккерлерін де ұмыт қалдырмайды. Айтуынша, күзгі дала жұмыстары кезінде айлықтары 115 мыңға көтеріледі. Бүгінде : «Новомихайловское-2003» серіктестігінде барлығы 150 адам еңбекпен қамтылған. 60 пайызы қыс мезгілінде бос отырмайды. Қазақтың ақ бас сиырын жайлайды.  Көшелерді қардан аршиды, тұрғындарға ауыз су тасиды, наубайханаларында макарон, кондитерлік өнімдерін шығарып, жақын маңдағы ауылдарды табиғи таза өніммен қамтамсыз ететді.

Берік Қасен

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...