ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ

17:59, 6 желтоқсан 2019

Аққайың ауданының Ленинское елді мекенінде жаңа тауарлы-сүт фермасы  ашылды. Бір мың басқа шақталған кешеннің құрылысы 2017 жылы басталып, жобаға   1.2 млрд теңге жұмсалды. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында салынған сүт фермасы «Дайындық-АГРО» ЖШС-не тиесілі.

Тауарлы-сүт ферма толығымен автоматтандырылған. Заманауи жабдықталған кешен жұмысты жүйелендіріп, өнімділікті арттырды. Айталық мына жүйе бір мезетте 32 сиырды саууға мүмкіндік береді.Оның жұмысын үш сауыншы мен бір оператор қадағалап отырады. 

ВЛАДИМИР КОРНЕЙЧЕНКО, ОПЕРАТОР:

- Әр сиырдың қанша сүт беретінін білуге болады. Барлық сиырлар туралы ақпарат енгізілгін, таңертен неше литр, кешке неше литр сауылғанын білеміз. Егер көрсеткіш азайып қалса, қосымша жем бере бастаймыз. Оған қоса малдың неше рет қашан бұзаулағанын, тіпті оның денсаулық жағдайын да автомат арқылы қадағалай аламыз.

Бүгін фермада  800-ден астам бұзау мен сиыры бар. Оның 600-ге жуығы Австриядан биыл әкелінген асыл тұқымды сүтті сиырлар. Кешенде тәулігіне 5 тонна сүт сауылады, оның тең жартысы бұзауларға берілсе,  қалғаны май зауытына өткізіледі.

БІРЖАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, «Дайындық-АГРО» ЖШС БАСШЫСЫ:

Жобаның іске асуымен 28 адам тұрақты жұмыс тапты. Олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар үшін қолайлы жағдайдың бәрі жасалған. Өңір басшысы мал қораларды аралап болған соң, мамандардың демалатын бөлмелерін де байқады. Жайлы жатын, санитарлы бөлмелер мен асхнасы таза. 

Ауылшаруашылығы өңір экономикасының негізгі саласы. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидиялар  кәсіпкерлерге тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2018 жылы облыста 4 тауарлы ферма іске қосылса, биыл жоспарланған 3 сүт кешеннің тағы біреуі жыл соңына дейін жұмысын бастайды.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

САУМАЛКӨЛДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ?
17:52, 22 қаңтар 2020
САУМАЛКӨЛДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ?
Толығырақ...
КУРОРТТЫҚ АЙМАҚ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
17:46, 21 қаңтар 2020
КУРОРТТЫҚ АЙМАҚ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ
13:03, 20 қаңтар 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...