ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

АСТЫҚ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

20:33, 27 қыркүйек 2019

Елімізде биылғы бидайды сатып алу бағасы жарияланды. Астықтың тоннасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15 мың теңгеге дейін қымбаттады. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ 3 класты бидайдың бір тоннасын қазір 70 мың теңгеден қабылдап жатыр.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясының сатып алатын астыққа қатысты бірқатар талаптары бар. Мәселен, 3 класты бидайдың ылғалдылығы – 14, ал құрамындағы кілегей мөлшері – 23 проценттен кем болмауы тиіс.  Ал 4-класты бидайдың натурасы – 700, кілегейлігі 20 және ылғалдылығы 14 проценттен аспаған жағдайда тоннасы 65 мың теңгеден алынады. Қазірдің өзінде компания 2 мың тоннадан астам бидай сатып алды. Жалпы биыл мемлекеттік қорға 1 млн тоннаға дейін астық қабылдау жоспарланған. Осы мақсатта облыстың 12 элеваторымен келісім шарт жасалды. Нәтижесінде корпорацияға астығын сатқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз бидайын мұнда еш кедергісіз,  кезексіз өткізе алады. Ал келесі жылы ұлттық компания диқандардан өнімді форвардтық келісім бойынша алмақ. Яғни шаруаларға тұқым, жағармай алуға болашақ астық есебінен кепілсіз несие беріледі.

РАМАЗАН ӘСІП, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар