ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

20:50, 27 қараша 2019

Көп жылғы дәстүрге сай Петропавлда ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Аграрийлер мен осы сала жұмысшыларын облыс әкімі Құмар Ақсақалов кәсіби мерекемен құттықтады. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан өңір диқандары мол өнім жинады. Осыған орай шара барысында олардың біразы ауыл шаруашылығы Министрлігінің және аймақ басшысының құрмет громаталарымен марапатталып, бірнеше аталымдар бойынша үздіктер сараланды.

Салтанатты кешке ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен жұмысшылары, сондай-ақ аталмыш салаға қатысы бар мамандар келді. Мереке иелерін алдымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауыл шаруашылығы саласы біздің облыстың экономикасының негізгі саласы. Біз оны әрдайым айтып отырамыз. 2019 жылдың аяқталуына да аз уақыт қалды. Сондықтан осы жылды ауыз толтырып айтатындай жетістікпен аяқтауға жоспарымыз бар. Ауа райының қиындығы қарамастан біздің диқандар әр гектардан 18 центнерден өніп алды. Жалпы 5 млн. астам астық жинап алынды. Мұның бәрі осы салада қызмет етіп жүрген жұмысшылардың арқасында.

Облыс әкімі ауыл шаруашылық саласында ұзақ жыл адал еңбек еткен, аймақтың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады. Аймақ басшысының қолынан құрмет грамотасын алғандардың бірі - Ғ.Мүсірепов  ауданындағы «Астық қоймалары» «Хлебная база №2» ЖШС бас инженері Ринат Тоқпанов. Ол бұл кәсіпорында 1999 жылдан еңбек етеді.

РИНАТ ТОҚПАНОВ, «АСТЫҚ ҚОЙМАЛАРЫ» «ХЛЕБНАЯ БАЗА №2» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:

- Біздің міндетіміз ауыл шаруашылық құрылымдары әкелген дәнді сақтап, өңдеп тұтынушыға жөнелту. Биыл 100 мың тонна астық қабылдадық. Дән ылғал күйінде әкелінген соң біраз қиындықтар болды. Дегенмен қажетті шараларды қолдандық. Бүгін міне еңбегіміз еленіп облыс әкімінің қолынан марапат алып отырмын. Қуаныштынымын, осы сәтті пайдаланып барлығын мерекемен құттықтаймын

Бұл күні сала мамандарына ауыл шаруашылығы минеИСтрлігі тарапынан да құмет грамоталары табысталды. Еңбегі елеңгендердің бірі Тайынша ауданындағы «Астық STEM» ЖШС картоп және көкөніс шаруашылығының бригадирі Жалмырза Уәлиев.

ЖАЛМЫРЗА УӘЛИЕВ, «АСТЫҚ STEM» ЖШС КАРТОП ЖӘНЕ КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БРИГАДИРІ:

Басында жүк тасыдым, сосын көкөніс сақтау қоймаларының бригадиры болып істедім. Осы алты жыл бұрын картоп және көкөніс шаруашылығының бригадирі болдым. Көктемде егеміз, күзде орамыз, қыста сатамыз. Бригадамыз бар. Солармен көкөністі саралап тұқымын алып қаламыз, ірісін сатамыз. Мен мұндай дәредежеге жетемін деп ойлаған жоқпын. Бастықтарыма, серіктестік басшыларына рахмет. Солардың арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмын.

Шара барысында серіктестік басшылары да назардан тыс қалмады.. Одан бөлек түрлі аталымдар бойынша жұмысшы мамандар арасынан үздіктер анықталды. Айта кеткен жөн биыл диқандардың астық жинаудағы көрсеткіші жаман емес. Экспорт көлемі де артқан. Ол 141 млн долларды құрады. Ал импорт көлемі 1 процентке қысқарды. Оған қоса соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 411 млрд теңгеден, 516 млрд. қа артты. Осы уақыт ішінде тартылған инвестиция көлемі 200 млрд. теңгеден асып жығылады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

САУМАЛКӨЛДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ?
17:52, 22 қаңтар 2020
САУМАЛКӨЛДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ?
Толығырақ...
КУРОРТТЫҚ АЙМАҚ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
17:46, 21 қаңтар 2020
КУРОРТТЫҚ АЙМАҚ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ
13:03, 20 қаңтар 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...