ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ НАЗАРДА

13:01, 7 қазан 2020

Қызылжар адалдық алаңы жобалау кеңсесі 2 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Нәтижесі бар ма? Құс тұмауының салдарынан дүкен сөрелерінде тауық еті мен жұмыртқаның бағасын шарықтатпаудың амалдары мен жалпы азық-түлікті қымбаттатуға жол бермеу мәселелері облыстық әкімдіктің кезекті отырысында қаралды .

Қызылжар адалдық алаңы жобалау кеңсесі облыста 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Елбасының тапсырмасымен құрылған әлеуметтік институт тұрмыстық  жемқорлықтың жолын кесіп, азаматтық бақылауды күшейтуге негізделген. 

 ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жобалау кеңсенің жұмысы үш негізгі бағытта жүргізіледі. Біріншісі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы форматта алуға септесу. Ол үшін облыс аудандарында 12 фронт кеңсе ашылды. Көп ұзамай,  М.Жұмабаев пен Есіл ауданында осындай сервистік кеңселерді ашу жопарланған.  Екіншісі, тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеу, және үшіншісі жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы түсіндіру жұмыстары.

Жемқорлық мәселесін жою, өмірдің барлық саласына оң әсерін тигізіп,  тұрғындардың әл-ауқатын жақсартады. Жобалау кеңсесі құрылғалы, облысқа көбірек инвестиция құйылды. Бұл инвесторлардың сенімділігін көрсетеді. Айталық 2020 жылдың 9 айында, түрлі жобалардың іске асуына  139 млрд теңге жіберілді.Бұл 2019 жылға қарағанда  14,5 процентке көп.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жемқорлық қаупін барынша азайту мақсатында электронды қызметтердің саны 3,5 есеге артты.  Көп ұзамай Геопортал қызметі де іске қосылады. Бұл порталды құру жұмысы соңғы 2 жыл бойы жүргізіліп келеді.  Оның көмегімен азаматтар кез келген жер учаскесінде қандай жұмыс жоспарланғанын, оның иесі кім, қаланың басты жоспарында не көзделгені жайында біле алады. 

Көлеңкелі экономиканың алдын алуы мақсатында  ақшасыз есеп айырысудың үлесін  16,2 проценттен 43,8 процентке дейін арттылды. Жиында қарастырылған екінші мәселе әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру. Бұл жұмыстар жайында тиісті басқарманың жетекшісі Медет Оспанов баяндады.  Оның айтуынша, 19 тауар аталымының тек біреуінің бағасы өсті.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Тауық еті 870 теңге болды.  Құстың сандары сирақ еті әрине қымбаттау.  Тұрақтандыру қорында, қазір тауық етінің 12,7 тоннасы бар, келісі 790 теңгеден саудаланып келеді. Өңірді, тауық етімен  қамту мәселесін шешу үшін, екі ірі бройлер фабрикасының жобасы іске асыру жоспарланған. Біреуі Петропавлда болса, екіншісі Қызылжар ауданында тұрғызылады. 

Жұмыртқамен қамту мақсатында «Адель құс» серкітестігінің өнімін  280 теңгеден саудалау жөнінде келісім бар дейді басқарма басшысы. Оның айтуынша, сауда үйлерінде 1 санаттағы жұмыртқаның бағасы 300 теңгеден аспауы тиіс.  Өңірдің ірі наубайханалары Тұрақтандыру қорынан қажетті мөлшерде ұн алып тұрады екен. Сондықттан нан бағасын көтеруге еш негіз жоқ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік аталымның 24-ін өзіміз өндіріп аламыз. Ірімшік пен сүзбенің шығару көлемі, сұранысты қамтымайды.  Алайда сүтті 22 процентке көп өндіреміз.  Молочный союз зауытын модернизациялаудың арқасында бұл мәселе шешімін табады.

Өңір басшысы, азық-түлік тауарларының бағасы әр ауданда әр алуан екендігіне наразылық білдірді.  Мониторинг көрсеткендей, макарон бағасы облыс орталығына жақын аудандарда, шалғай аудандарға қарағанда қымбат. Мысалы тұрақтандыру қорынан  250 теңгеден алынған қарақұмық,  Аққайын ауданында 100 теңгеге қымбатқа сатылады.   Жамбыл ауданында күріш 315 теңгеден сатылса, Шал ақындықтар мен Ғ.Мүсірепов ауданының тұрындары 275 теңгеден сатып алады.  Құмар Ақсақалов жауапты қызметкерлерді бұл мәселені назарға алуды тапсырды.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...