ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

БАҒА ӨЗГЕРМЕЙДІ

17:57, 23 қазан 2019

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты биыл елімізде астық жоспарлағандай  жиналмады. Сол себепті, нан өнімдерінің бағасы қымбаттауы мүмкін дейді мамандар. Ал, облыс әкімі Қ. Ақсақалов өңірде  әлеуметтік нанның  бағасы өзгермейтіндігін айтты. Тағы  қандай  ұн өнімдерінің бағасы сақталады?Арна тілшілерінің бейнематериалы. 

Петропавл нан – тоқаш комбинаты - облыста 1933 жылдан жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын 50-ге жуық нан-тоқаш түрлерін пісіреді. Кәсіпорын басшысының айтуынша, бағаны өсірмеу мүмкін емес. Алайда әлеуметтік нан қымбаттамайды.

ЕРЛАН ҚАЙШЫБЕКОВ,  "ПЕТРОПАВЛ НАН-ТОҚАШ КОМБИНАТЫ" ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің қаладағы 24 сауда орнымызда әлеуметтік нанды тұтынушылар 61 теңгеден сатып алады. Саудаға  күн сайын 5 мыңнан астам бөлке түседі. Ол әрине дүкен иелерінің тапсырыс беруіне байланысты.

Кәсіпорын өнімнің 5 түріне бағаны өсірмейміз деп отыр. Олардың ішінде чех наны мен кесілген батон бар. Ал басқаларының бағасы 10-15 пайызға өседі. Соңғы рет өңірімізде нан осы жылдың ақпан айында  қымбаттаған болатын..

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгінгі таңда Петропавлда 12 наубайхана жұмыс істейді.Оның 6-ауына, солардың бірі осы «Петропавл нан-тоқаш өнімдері комбинатына»  астықты төмендетілген бағамен жеткіздік.Оларға  3 мың тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алдық. Осы жерлерден нан облыс орталығының 400-ден астам  дүкеніне жеткізіледі.Бұл барлық сауда орындарының 65 пайызын құрайды.

Кәсіпкерлік басқармасының мамандары бағаны қадағалайды. Қазір тұрақтандыру қорына қант, қарақұмық, өсімдік майы мен көкөніс жеткілікті салынған

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
17:59, 6 желтоқсан 2019
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
20:35, 5 желтоқсан 2019
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:50, 27 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...