ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

БИЫЛ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕГЕ 25 ЖЫЛ

20:49, 12 қараша 2018

Тәуелсіздігіміздің басты нышандарының бірі – теңгенің қолданысқа енгеніне биыл 25 жыл. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік сынақтарынан сүрінбей өткен ұлттық валютамыздың мерейтойына орай Ұлттық Банктің солтүстікқазақстандық филиалында банк саласының үздік мамандары марапатталды. Оларға өңір жетекшісінің және қала әкімінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары салтанатты түрде табысталды.

Ең алғашқы ұлттық валютамыз – қазақ теңгесі 1993 жылдың 15 қарашасында айналысқа енгізілді.Ол кезде Қазақстан мемлекет ретінде жаңа ғана қалыптасып жатқан кезі еді. Өзін Тәуелсіз ел ретінде барша әлемге таныту үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, соның бірі өз ақшамызды пайдалану. 25 жыл ішінде ақшаның дизайны бірқатар өзеріске ұшырап отырды. Ең бірінші қағаз ақшаларда Шоқан Уалиханов, Абай, Жамбыл Жабаев, Әл Фараби  секілді тарихи тұлғалардың және туған жеріміздің көрікті орындары  бейнеленді.

ДИАС МЭЛС, ҰЛТТЫҚ БАНК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгін біз теңгеміздің 25 жылдығын атап өтейін деп жатырмыз. 1993 жылдың 13 қараша күні Президентіміз жарлығын қабылдап, 15-ші қарашадан бастап теңгеміз қабылданды. Осы теңгеміздің айырбастауына қатысқан ардагерлерімізді бағалы сыйлықтар беріп, еске алатын боламыз, және осы банк саласында зор үлес қосқан жұмыскерлерге марапаттаймыз.

Теңгеміздің төл мерекесі қарсаңында қаржы саласында жұмыс істеп жүрген бірқатар банк қызметкерлері түрлі марапттарға ие болды. Альвина Құлыбекованың банк саласында еңбек етіп жүргеніне 12 жыл. Өзінің лауазымдық қызметін банкте хатшы болып бастаған маман бүгінгі күні еікнші деңгейлі беделді банктердің бірінде  орталық басшысы болып жұмыс істейді.

АЛЬВИНА ҚҰЛЫБЕКОВА, БИЗНЕСКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мен өз жұмысымды сүйемін. Себебі 12 жылдан бері осы салада еңбек етемін, сол себепті осы жұмыстың бар қыр-сырын жақсы білемін. Жұмысымыз халықпен тығыз байланысты болғандықтан, әрбір клиентімді жақсы көремін. Солар үшін жұмыс істейміз. Барлық әріптестерімді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Теңгеміз жасай берсін, құнсызданбасын, тек өсе берсін.

Салтанатты іс-шарамен қоса банк ұжымы келушілерге арнап ұлттық валютамыздың 200-ге жуық түрлі данасын көрмеге қойды. Атаулы датаға орай ұлттық банк «Теңгеге 25 жыл» атты 5000 және 500 теңге номиналында коллекциялық монеталар шығарды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
14:54, 12 желтоқсан 2018
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ
20:45, 6 желтоқсан 2018
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...