ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

БИЗНЕСМЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

20:37, 12 қыркүйек 2019

Өңірге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов жұмыс сапарымен келді.  Облыстық әкімдікте өткен бизнесмендермен кездесуде кәсіпкерлердің жиі кездесетін мәлелелері талқыланды. Толығырақ тілші материалында.

Кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау ел экономикасының өсуіне жағдай жасаумен бірдей. Сондықтан мемлекет тарапынан олар үшін бірқатар қолдау бағдарламалары қарастырылған. Елбасының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылды. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетінен 640 млрд теңге бөлінді. Шарттары өте қолайлы. Несие небары 6 процентпен  беріледі.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Кәсіпкерлер палатасында апта сайын бизнестің барлық түрлерін жетелейтін жобалық кеңселердің өкілдерімен кездесулер өткізіледі.Мемлекеттік сектор сатып алу үрдісін жеңілдетіп, кәсіпкерлердің қатысуына барынша жағдай жасайды. Олардың үштен бір бөлігін электронды форматқа ауыстырдық. Шағын және орта бизнес субьектілеріндегі тексерістерді 30 процентке азайттық. Биыл тексерістер тағы 10 процентке кемиді.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығы оң нәтижесін беріп келеді.  Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша құрылған рейтингтің нәтижесінде біздің облыс 17 өңірдің арасында 5 орынға тұрақтады. Ал 160 елді мекеннің арасында Петропавл   6-шы орында. Атқарылған шаралардың тағы бір көрсеткіші ретінде кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерді айтуға болады.  Өткен жылы 190  өтініш келіп, оның  83-ші оң шешімін тапты.  Болат Палымбетовтың айтуынша, бизнес жүргізуді жеңілдету үшін  қылмыстық кодекстің экономикалық қылмыстар жөніндегі тұстарын ізгілендіру керек.

БОЛАТ ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

-  Болмашы бұзушылық үшін сотталған  кәсіпкерлер,  кейін бизнес жүргізе алмаймыз деп жиі шағымданады. Сотталған адам бизнесмен бола алмайды, банк оған  несие бермейді. Сондықтан заң талаптарын ізгілендіру қажет. 16 желтоқсанда  рақымшылық туралы заңға қол қойылды. Нәтижесінде 649 кәсіпкер босатылды.  

Құрылыс, көлік, логистика мен байланыс, медицина, техникалық және кәсіби білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерден ең көп өтініш келіп түсті. Бір қуантарлығы олардың 70% оң шешілді.

БОЛАТ ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

- Көп жағдайда мәселелердің барлығы бірден, жергілікті жерде шешіліп жатады. Қаланың өсіп, көркеюі бизнес саласындағы оң өзгерістер болып жатқандығын көрсетіп тұр. Әсіресе соңғы 2 жылда көріп отырағыныздай Петропавл танымастай өзгерді.

Бет алған жолдан таймай, ары қарай да оң өзгерістерге жетуді жалғастыру үшін, жиынға қатысушылар өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 29%-ҒА ӨСТІ
20:38, 19 қараша 2019
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 29%-ҒА ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар