ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ЕГІН ОРАҒЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

13:01, 17 қазан 2019

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан өңір диқандары биыл да жақсы өнім алды. Ауыл шаруашылығы басқармасының  мәліметінше, бүгінгі күні 4,8 млн тонна бидай қамбаға құйылды.

 Егін орағын 13 ауданның тоғызы аяқтады.  Астықтың шығымдылығы гектарынан орта есеппен 16,8 центнерді құрады. Бұл былтырғы көрсеткішке тең. Бидайдың шығымдылығы бойынша Қызылжар ауданы алда келеді, диқандар әр гектардан орта есеппен 22 центнерден өнім алған. Шаруашылықтар арасында «Петерфельд Агро» ЖШС 31 центнерден өнім алып, көш бастады. Жұмабаев, Мүсірепов, Тайынша мен Шал ақын аудандары бірер күнде күзгі науқанды аяқтайды. Ал майлы дақылдардың облыс бойынша 85,5 проценті жиналған. Шығымдылығы 8,5 центнер. Бұл көрсеткіш әлі өзгереді дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары. Өткен жылы майлы дақылдардың шығымдылығы 9,2 центнерді құраған. Жалпы биыл 2 млн 861 мың гектарға дәнді дақылдар себілсе, соның 2 млн 13 мың гектары - бидай алқаптары.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
17:59, 6 желтоқсан 2019
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
20:35, 5 желтоқсан 2019
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:50, 27 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...