ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ Толығырақ

ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ

18:04, 17 қыркүйек 2019

Солтүстік Қазақстан облысы 2018 жылы  5 мың тоннаға жуық өсімдік майы мен 4264 тонна майлы дақылдар сығындысын экспорттады.    Биыл бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделген.  Соның тең жартысы «Тайынша май» кәсіпорнының еншісінде.  Бұл  кәсіпорын жылына 300 мың тонна майлы дақыл  өңдеуге қауқарлы.  

Қазіргі күні кәсіпорында жылына 150 мың тонна майлы дақыл өңделеді. Болашақта зауыттың бар мүмкіндігін пайдаланып, 300 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

ФАН ЛУНФЭЙ, ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Нарықты зерттеп, осы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында майлы дақылдар өсіруге қолайлы аймақ екені анықталды.  Ең сапалы өнімді осы жерден сатып алып, өңдеп Қытайға жөнелтіп жатырмыз. Қазіргі күні зауыт өз мүмкіндігін толық пайдаланып отырған жоқ. Жылына 300 мың тоннаға жеткізуге болады.

Зауыт ашылғалы- жұмыс орны табылды. Қазіргі күні 130-дан астам адам еңбек етуде. Оның 7 –еуі Қытай азаматы болса, қалғаны жергілікті тұрғындар.   Солардың бірі  Талғат Бек- бригада басшысы  болып қызмет етеді.

ТАЛҒАТ БЕК, БРИГАДА БАСШЫСЫ:

- Осы жердегі тұрғылықты адамдар жұмыс істейді, бірінші. Екіншісі, ол салық бәрі бізге түсіп отыр. Халыққа болсын, елімізге де пайда келіп отыр.

«Тайынша май» теріскейдегі ауыл шаруашылығын тірілткен кәсіпорын. Соның өңірде майлы дақылдар алқабы ұлғайып, шетелге бұрынғыдай шикізат күйінде емес, өңделіп, дайын өнім ретінде экспортталады.  

Сағыгдық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...