ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЕҢБЕК - БӘРІН ЖЕҢБЕК

20:37, 10 қыркүйек 2019

Қызылжар ауданы Боголюбово ауылында тұратын Фадиндер отбасы көпке үлгі. Үш ұлы және асырап алған бес қызы бар көпбалалы ерлі-зайыпты мал-құс өсіруді қолға алған. Олар «Бастау» жобасы бойынша оқыту курсынан өтіп, мал фермасын ашқан екен. Еңбекқор отбасымен арнамыздың түсірілім тобы танысты.

Дмитрий және Ирина Фадиндердің өздерінен туған 3 ұлдарынан басқа асырап алған 5 қызы бар. Көп баланы өсіріп жеткізу үшін жақсы табыс керек. Сол себепті Ирина мен Дмитрий «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша арнайы курстардан өтеді. Әрқайсысына 250 мың теңгеден берілген грантқа сиыр, құрамажемді түйіршіктегіш құрал сатып алады. 

ИРИНА ФАДИНА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Басында сиырымыздың саны 4-5 болды, кейін курстан өтіп 9-ға дейін жеткіздік. Әрине іске кіріспес бұрын аздап күмән болды. Бұрын-соңды естімеген бағдарлама болғасын үрейлендік. Алайда, аудан әкімдігінде бізге қолдау көрсетілді. Курс аяқталысымен, өз жобамды қорғап шықтым. Грант ұтып алдым. Мен, жолдасым, үлкен ұлым барлығымызда мал шаруашылығын таңдап осы бағытта білімдерімізді шыңдадық.

Түйіршіктегіш құралмен Дмитрий құрама жем әзірлейді. Артылған жемазықты ауылдастарына да сатуды жоспарлап отыр. Жақын уақытта қияр, қызанақ өсіру үшін жылыжайдың құрылысын бастамақ. Дмитрий мен Иринаның айтуынша мал мен құсты өсіріп, баптауға бала-шағасы көмектеседі.

ДМИТРИЙ ФАДИН, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Курстарды тәмамдаған соң түйіршіктегіш құрал сатып алдым. Басты мақсатым малды табиғи құрама жеммен асырау арқылы ауылдастарыма үлгі болу. Бұл жем дүкендегіден әлдеқайда пайдалы әрі табиғи. Қоспаларын бәрін өзіміз дайындаймыз.

Жалпы жыл басынан Қызылжар ауданында 83 адам аталмыш бағдарлама бойынша оқытудан өткен. Қыркүйек және қараша айларында тағы 115 адам курстан өтеді деп күтілуде.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...