ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕМЕРСІҢ

13:01, 25 қараша 2019

«Еңбек етсең емерсің». Солтүстікқазақстандықтар негізінен құнарлы жерге егін егіп, өріске малын өргізіп, маңдай термен күн көреді. Ел экономикасының дамуы мен өркендеуіне де елеулі үлес қосып отырған жандар осы саланың мамандары. Арнамыздың түсірілім тобы елді мекендерде туған жері мен халқы үшін тыңбай жұмыс істеп жүрген ел азаматтарымен кездесіп, тілдесіп қайтты.

Бұл Елена Курова. Оның Қызылжар  ауданындағы «Молсервис» ЖШС-де сүт цехынің шебері болып жұмыс істеп келе жатқанына 30 жылдан асты. Павлодар облысының тумасы Семей технологиялық институтын тәмамдап, жолдамамен біздің облысқа келген екен. Қазір Еленаның басшылығымен серіктестік күніне 15 тонна сүт және де 5 тоннадай сүт өнімдерін Петропавл қаласы мен аудандарына жеткізеді.

ЕЛЕНА КУРОВА, «МОЛСЕРВИС » ЖШС СҮТ ЦЕХІНІҢ ШЕБЕРІ:

- Менің жұмыс күнім әдетте таңғы 8-де басталып, кешкі 8-де аяқталады. Осы уақыт аралығында мен барлық технологиялық процессті басқарамын. Яғни сүтті қабылдаудан бастап, дайын өнім цехтан шыққанша дейін. Біздің өнімді соның ішінде сүт, айран, қаймақ, май және сүзбені облыстың барлық тұрғындары тұтынады.

Ал, Аққайын ауданы, Ивановка ауылының тұрғыны Виктор Талов егіншілікпен айналысады. Әкесі 1999 жылы шаруа қожалығын ашып, мал өсіруді, егін егуді қолға алады. Виктор әрқашан әкесінің жанынан табылып, көмектесе білді. Бүгінде әке ісін жалғастырып жүр.

ВИКТОР ТАЛОВ, «ТАЛОВ И К» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Егінді 341 гектар жерге егеміз, оны жинап алуға 5 техникамыз бар. Биыл ауа-райының қолайсыздығыныа байланысты небәрі 12 центнер астық алдық. Жиналған өнімді сатып, тек бидайдың 60 тоннасын және де арпаның 20 тоннасын тұқымға қалдырамыз.

Елена Куркова келер жылы зейнет жасына жетеді. Алайда,  ол осы серіктестікте әлі де бірер жыл жұмыс істемек. Ал, Виктор болса болашақта егіншілікпен қатар қой өсіруді қолға алмақ.

 Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...