ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУГЕ 900 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНБЕК

20:42, 23 желтоқсан 2019

Петропавлда қалалық мәслихаттың 38 сессиясында 2020-2022 жылдарға арналған бюджет бүге-шүгесіне дейін талқыланып, депутаттар кей мәселелерге қатысты өз ойларымен бөлісті. Алдағы үш жылда шаһардың инфрақұрылымын дамытуға, білім беру және басқа да салаларға жалпы 43,2 млрд теңге бөлінбек. Болат Жұмабековтың сөзінше бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Петропавл жылдан жылға көркейіп, аумағы үлкейіп келеді. Алайда, алдағы уақытта іске асыруды қажет ететін жұмыстар баршылық. Қазіргі кезде сапаржай маңы тазартылып, қалаға келетін меймандарға барлық жағдай жасалуда. Жалпы келер жылы бұл жұмыстарға 900 млн теңге жұмсалса, соның ішіндегі 700млн теңгені облыстық қазына бөлмек. Сондай-ақ, бюджеттің 70 пайызы, яғни 10 млрд теңге білім беру саласына, 408,2 млн теңге мәдениет, спорт, жастар және ақпараттық саясатты дамытуға бөлінбек.

НАЗГҮЛ БЕКМАҒАМБЕТОВА, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бюджеттің 1,6 млрд теңгесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа, 993 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік қамтуға  жоспарланған.  Сонымен қатар, қорғаныс саласын қаржыландыруға 791 млн теңге, коммуналды қызметке 562 млн теңге, оқулықтарс атып алуға 166 млн теңге бөлінбек. Осылайша біз 60 білім беру, 36 жалпы білім беру ордасын, 28 балабақшаны және де 3 түзету кабинетін қажет заттармен қамтамасыз етемыз.

Шаһар басшысы сонымен қатар инфрақұрылымға бөлініп жатқан қаражат көп алайда кәсіпкерлерден келіп түсетін ұсынастар мүлдем жоқ деп айтып кетті. Болат Жұмабековтың сөзіне қарағанда, жақында көптің сұрауы бойынша «Динамо» стадионын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары басталады. Қала маңын тазарту, жаңа орындықтар орнатып, когалдандыру және де жарықтандыру бойынша жұмыстар қолға алынады.Отырыста көтерілген тағы бір мәселелердің бірі ол қанғығағ иттер мен мысықтарды аулау. Депутаттар үй жануарларына арналған тәлімбақ құрылысын бастау қажет дейді.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қаңғыған Иттер мен мысықтарды аулау мәселесі кездесулерде жиі көтерілді. Алайда,  бюджет есебінен тәлімбақ құрылысын бастап, ол жерде үй жануарларын ұстай алмаймыз. Тек егер де 50 де 50 болмаса. Яғни қаражаттың жартысын бюджеттен бөліп, қалған сомманы демеулһшілер табылып, солар бөлсе бұл жұмыс іске асырылу мүмкін.

Бұдан басқа отырыс барысында депутаттар қала әкіміне кәріздерді қалпына келтірудің кешенді жоспарын әзірлеу мәселесі жөнінде өтініш білдірді.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыс басшылығы бізге бұл мәселеде қолдау көрсетті. Олар жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін 350 млн теңге бөлді. Кешенді түрде жоспар құруды көздеп отырмыз, егерде 2020 жылы іске аспаса 2021 жылы міндетті түрде жүзеге асырылады. 

Қорыта айтқанда 2020-2022 жылдарға бюджет 43,2 млрд теңгені құрады. Депутаттар оны бір ауыздан қабылдап, бекітті.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар