ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ

18:11, 17 қыркүйек 2019

Солтүстік Қазақстан облысында қарапайым заттар экономикасы біртіңдеп дамып келеді. Кезінде жиһаз жасаумен айналысқан кәсіпорын, тұрғындар сұранысын зертей келе, матрас шығаруға бел буды. Өндірісін қайта жабдықтау үшін мемлекеттің көмегіне жүгінді. Екі жылдың ішінде, компания Қазақстан нарығына ғана емес, сапалы өнімін  Ресейге де экспорттайтын фабрика ретінде танылды. Тілші бейнематериалы.

Ұйқы қанып, адам жақсы демалса, күні бойы жасаған ісі де өрге жүреді. Ал ыңғайлы матрас - соның кепілі. Екі жыл бұрын, Петропавлда матрас жасайтын фабрика ышылып, бүгінде нәтижелі жұмыс істеп келеді. Бір қызығы кәсіпорын бұған дейін корпусты жиһаз шығарып жүрген. Алайда, бұл салада жұмыс істейтіндердің қатары артқан сайын, сұраныс та азая берді. Сондықтан, кәсіпорын басшылығы Жиһаз цехін, матрастар фабрикасы етіп қайта жабдықтау үшін мемелекеттік қолдау бағдарламасына жүгінді.

ЕВГЕНИЙ КОБРИН, КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

- Матрастар өндірісін екі жыл бұрін бастадық. Ол үшін Даму қоры арқылы  8 млн теңге несие рәсімдедік.Банктің 15 пайыздың  жартысын мемлекет субсидиялады. Бұл қаражатқа тігін машиналарын, матрастардың жиектерін өңдейтін құрылғыларды сатып алдық. Бұл шетелдік аппараттардың құны өте қымбат. Өз күшімізбен ала алмас едік. 

Фабрикада 40-қа жуық адам жұмыс істеп келеді. Олардың орташа айлығы 100 мың теңгеден 150 мың аралығында. Кәсіпорын  матрастардың  45 түрін шығарады. Олар ішкі құрамы мен өлшемдеріне қарай бөлінеді. Ай  сайын мамандар 5 мың дана өнім шығарады. Серіппелі матрастардың негізі калсиика және элиталы болып бөлінеді. Соңғының серіппелері бөлек-бөлек қапталады. Осылайша ортопедиялық матрас пайда болады. Алексей Немцов матрастарды қаптау материалын дайындаумен айналысады. Екі метрден астам биіктігі бар жаңа құрылғыда істемес бұрін, ресейден арнайы мамандар келіп, бірнеше ай оқытты.

АЛЕКСЕЙ НЕМЦОВ, КӘСІПОРЫН ОПЕРАТОРЫ:

- Бұл станогқа түрлі маталарды жүктейміз. Мақта, трикот,синтепон. Аппарат оларды бір бірімен қосып,  сан түрлі оюлап тігеді. Кейде трикотажбен  лотекс және колкон деген материалдар қосылады. Кейін келесі кезекте қажетті өлшеммен кеседі. Матрастар ені бойынша 120см, 140,160 және 180  см болады.

Тігінші Светлана Казацких алдына түскен дайындамалардың барлығы қосып, дайын өнім етіп шығарады. Даму қорының көмегімен сатып алынған  бұл құрылғы  толығымен автоматтандырылған.  

СВЕТЛАНА КАЗАЦКИХ, КӘСІПОРЫН ТІГІНШІСІ:

- Бұл машинамен жұмыс істеу өте ыңғайлы. Тігістің сапасын қадағалап отырамыз. Айталық мына матрас  - ортопедиялық матрастардың бір түрі. Арқасы ауыратындарға жарайды. Оның да жұмсақ, қаттысы болады. Тігіп болғаннан кейін өнімді қаптау бөліміне жіберем, сол жерден қоймаларға, одан соң дүкендерге жөнелтіледі. 

Екі жылдың ішінде кәсіпорын Қазақстан нарығында танылып үлгерді. Өндіріс ошағы қазір Ресейге жөнелтілетін экспорттың көлемін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 29%-ҒА ӨСТІ
20:38, 19 қараша 2019
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 29%-ҒА ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар