ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

КӘСІП АШҚАН ТИІМДІ МЕ?

13:06, 24 қыркүйек 2019

Жаңадан кәсіп ашудың тиімді жолдары жетерлік. Іс бастаймын дейтіндерге мемлекет барынша мүмкіндік жасауда.  Бүгінде өңірімізде бизнесін ашқан азаматтар жетерлік. Солардың бірі Есіл ауданына қарасты Покровка ауылының тұрғыны Максим Смыслов. Ол осыдан 5 жыл бұрын нәтижелі еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несие алып, мал шаруашылығын дамытуды жолға қойған. Жерлесіміздің ісі алға басты ма, пайдасын көріп жатыр ма? Жалпы өңірде кәсіп бастаған тиімді ме? Келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

Алма піс, аузыма түс. Максимнің айтуынша елді мекен тұрғындарының басым бөлігі, іс бастауға ерініп немесе тәуекелге баталмай мемлекеттен көмек күткенді құп көреді. Екі қолға бір күрек іздеп, жанталасатындар көп емес - дейді ол. Ал өзі болса жұмыссыздықтан арылу үшін, осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттен жылдық 6 пайыздық үстемақымен несие ресімдеп, кәсіп бастапты. Араға екі жыл салып, еңбегінің жемісін көріп, алғашқы техникасын сатып алған.

МАКСИМ СМЫСЛОВ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Елордадан арнай мамандар келіп, кәсіп бастаудың қыр сырын үйретті. Қазір біртіндеп пайда көре бастадым. Мысалы бүгін ірі қараны 300 мыңға сатып алсаң, келесі жылы 600 – 700 мыңға сатуға болады.

Берешегін өтеген соң, Максим шағын бизнесін кеңейтуді көздеп мемлекеттен тағы 2 млн теңгеден астам несие  алған. Оған көктемде 6 жылқы сатып алыпты. Бұл болашаққа деген капитал – дейді ол. Қазірде кәсіпкердің өзінің фермасы, қорасында 15 жылқысы бар. Мақсаты мал санын 50-ге жеткізу. Бүгінде ауданда нәтижелі еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына деген сұраныс артқан.

ӘЛІМЖАН ТЕМІРОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Биылдың өзінде 29 азамат 119 млн теңгеге несие ресімдеді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, сауда-саттық, өсімдік шаруашылығы және жүк тасымалы сынды салаларда өз істерін бастағысы келеді. Несие 6 пайыздық үстемақымен беріледі. Кепілдік 2-ге 1. Яғни қарыз алушының үйі 1 млн теңгеге бағаланса, оған 500 мың теңге көлемінде ақша беріледі.

Дегенмен бұл салада бір түйткіл бар. Ауыл тұрғындарының барлығының жеңілдетілген несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Өйткені елді-мекендердегі жылжымайтын мүлік өте төмен бағаланады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар